30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Жусан операциясымен оралған әйелдерге дәріс оқылды

Нұр-Мүбарак университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының ұйытқы болуымен «Жусан» операциясы арқылы елге оралған алматылық әйелдер еліміздегі бірегей ислами университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, арнайы дәріс тыңдады.

ҚМДБ: Әйел-қыздар секторына жаңа меңгеруші тағайындалды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Уағыз-насихат бөліміне қарасты Әйел-қыздар секторының жаңа меңгерушісі тағайындалды. 

Шымкент: Көшпелі діни семинар өтті

Ихсан ілімін насихаттау мақсатында Шымкент қаласы Қаратау аудандық «Муаз ибн Жәбал» мешітінде көпшелі діни семинар өтті.

Жамбыл: 6 отбасыға баспана берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылына қарасты Солнечный елдімекенінде 6 отбасыға пәтер кілті табыс етілді. Аталған игі шараға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен наиб имам Нұралы Бақытұлы арнайы қатысып, жаңа баспана иелеріне пәтер кілтін табыстады.

«Халал – шариғат талабы» кітабы жарық көрді (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Халал – шариғат талабы» кітабы көпшілік оқырманға жол тартты.

Бас мүфти Нұр-Мүбарак университетінің ректорымен жүздесті (фото)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххатпен жүздесті. Кездесуге сондай-ақ НМУ проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев қатысты.

Бас мүфти қари қыздарға сәттілік тіледі (фото)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қыздар арасында өтіп жатқан Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІ республикалық байқауда  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІ республикалық байқау басталды (фото)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІ республикалық байқау басталды.

«Дін насихатында ақсақалдардың орны бөлек»

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Қариялар – ел қазынасы» І республикалық ақсақалдар форумында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

Науқас сәбидің еміне 1 000 000 теңге табысталды

Өткен аптада республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде тағы бір игі шара ұйымдастырылып, сынаққа тап болған бауырларымызға көмек көрсетілді. Нұр-Сұлтан қаласы Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен 6 жасар Абылайқызы Айша есімді науқас сәбидің еміне қажетті қаражат жинақталып, жексенбі күні арнайы туыстарына табысталды.

«IMuslim» мобильдік қолданба іске қосылды

Елорда жастарынан құралған «IMuslim» тобы жақында Қазақстан мұсылмандары үшін қажеттілігі өте зор мобильдік қолданба дайындап шығарды. Топтың атауына сәйкес «IMuslim» деп аталған мобильдік қолданба Android және iOS құрылғыларына лайықталып жасалған. Бұл жайында muslim.kz ақпарат көзі мәлім етеді.