30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

«Күшіміз – бірлікте» қайырымдылық акциясы өтті (фото)

Өткен аптада Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының «Зекет және қайырымдылық» қоры республика көлемінде «Күшіміз – бірлікте» акциясын ұйымдастырды.

ҚМДБ Төрағасы Ислам институтында имамдармен сұхбаттасты (фото)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында болып, имам-молдаларға дағуат әдістері жайында дәріс оқыды.

Ғұламалар кеңесінде 6 пәтуа қабылданды (фото)

Алматы қаласындағы Орталық мешітте ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Ғұламалар кеңесінің ХХХІІІ мәжілісі қорытындыланды.

Бас мүфти Алматы имамдарына дәріс өткізді (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған ресми сапары барысында Нұр-Мүбарак университетінде имамдарға «Дағуат әдістері» тақырыбында дәріс берді.

«Қазақ тіліндегі діни сөздер мен терминдердің орфографиялық сөздігі» жарыққа шықты (фото)

Алматыда өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің ХХХІІІ мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Қазақ тіліндегі діни сөздер мен терминдердің орфографиялық сөздігі» кітабының танытымы өтті.

«Қазақстандағы Ислам тарихы» кітабы оқырманға жол тартты (фото)

Алматыда өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің ХХХІІІ мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген «Қазақстандағы Ислам тарихы» оқу құралының танытымы өтті.

Алматыда Ғұламалар кеңесінің ХХХІІІ мәжілісі басталды (фото)

Бүгін Алматы қаласындағы Орталық мешітте ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің ХХХІІІ мәжілісі басталды.

Смайыл Сейтбеков «Зейін» оқырмандарымен кездесті (фото+видео)

Өткен сенбіде «Зейін» оқырмандар клубы ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы-ғалым Смайыл Сейтбековтің «Иман негіздері» кітабын талқылады. Оқырмандар алаңына еңбек авторы Смайыл Сейтбековтің өзі келіп, кітап мазмұнын баяндап берді.

Бас мүфти Атбасар қарилар орталығының ашылуына қатысты (фото)

Ақмола облысы Атбасар ауданында қарилар дайындайтын қайырымдылық мекемесі ашылды. Игі шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Діни басқарма делегациясы, сондай-ақ Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов пен ауыл ақсақалдары, шәкірттер қатысты.

ҚМДБ Төрағасы қайырымдылық шарасына қатысты (фото)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына жұмыс сапарында Атбасар ауданында өткен қайырымдылық шарасына қатысты. 

Бас мүфти жол бойындағы құлшылық орындарына арнайы барды (фото)

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында жол бойында орналасқан құлшылық орындарына арнайы барды.