Жақында ғана еліміз бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы жөнінен 100% көрсеткішпен оза шапқан Нұр-Мүбарак университетінің жетістігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен тікелей байланысты екені даусыз. Себебі университет түлектерін жұмыспен қамтушы ҚМДБ бұл тарапта жыл сайын жүйелі қызмет атқарып келеді.
Жаңалықтар
ҚМДБ жанынан ақсақалдар кеңесі құрылды (фото)
Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылып, кеңестің алғашқы жиыны өтті.
Ақсақалдар кеңесі марқұмдардың рухына Құран бағыштады (фото)
Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Ақсақалдар кеңесінің мүшелері республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қаңтар айындағы қайғылы оқиғада қаза тапқан жандардың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.
Бас мүфти Ливия елшісімен кездесті (фото)
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ливияның еліміздегі Өкілетті Елшісі Муамер Мансурмен кездесті.
Наиб мүфти ЖАНТ мүшелерімен кездесті (фото)
Наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы Шымкент орталық мешіті жанындағы Жергілікті ақпараттық насихат тобы (ЖАНТ) мүшелерімен кездесті.
«QMDB HALAL оқыту орталығында» семинар басталды
«QMDBHalalоқыту орталығында» өңірлік мамандардың білімін жетілдіруге арналған үш күндік оқу-семинар басталды. Семинарға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, шариғат және пәтуа мамандары, стандарттау және сертификаттау саласындағы қызметкерлер және еліміздің әр аймағынан келген технологтар қатысты.
Атырау: 6 отбасына пәтер берілді
Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазы ауданына сапары аясында 6 отбасына пәтер кілтін табыс етті.
Сансызбай Құрбанұлы медресе шәкірттерімен жүздесті (фото)
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы «Шымкент» медресе-колледжіне арнайы барып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.
Студенттермен кездесу барысында «Шымкент» медресе-колледжінің бітіруші шәкірттеріне ілім үйрену, елге қызмет ету, имамдық қызмет, т.б. өзекті тақырыптар жөнінде насихатын айтып, батасын берді.
Кездесуге Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Тауаф» қажылық фирмасының қалалық өкілі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық пәтуа маманы Исламқұл Иманқұлұлы және студенттер қатысты.






Смайыл Сейтбеков имамдарға дәріс оқыды (фото)
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкент орталық мешітінде «Ислам тарихы: талас-тартыс мәселелері» тақырыбында рухани танымдық діни семинары өткзілді.
Тараз қаласында жаңа мешіт ашылды
Тараз қаласына қарасты Көлтоған шағын ауданында жаңа мешіт ашылды.
ҚМДБ Төрағасы «Шалқар» радиосына сұхбат берді
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Шалқар» радиосының «Отанды сүю» бағдарламасында арнайы қонақ болып, тікелей әуе толқынында сұхбат берді.