30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Ғұламалар кеңесінің жұмысымен танысты (фото)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация Анкарадағы Түркия Дін істері басқармасына қарасты Ғұламалар кеңесінің жұмысымен танысты.

Бас мүфти Түркия дін істері басқармасының басылымдарымен танысты (фото)

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ресми сапары барысында Түркия Дін істері басқармасы діни басылымдар бөлімінің жұмысымен танысты.

Маңғыстау: өңір мешіттерінің жылдық қорытынды жиыны өтті

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлының төрағалығымен өңірге қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің жылдық есебі тыңдалды.

Қордай тұрғындары Ризабек Батталұлының насихатын тыңдады

Жамбыл облысы Қордай ауданының жамағаты РАНТ мүшесі, Нұр Мүбарак университетінің ұстазы Ризабек Батталұлымен жүздесті. 

«Мұсылманша мотивация» тренингі өтті (фото)

Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Дәділұлының бастамасымен "Өміріңді өзгерт. Мұсылманша мотивация" атты оқырманға арналған тегін тренинг өткізілді.  

«Жомарт жұма»: Бас мүфти бастамасы қолдау табуда (фото)

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырған болатын.

Белгілі психолог «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатына семинар өткізді

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатына арналған семинар тренинг болып өтті. Белгілі психолог Айсұлу Қалағанова «Өзімді бағалайын» тақырыбында насихат айтып, әйел жамағатына психологиялық кеңестерімен бөлісті.

Алматы: «Жастарға арналған 30 хадис» кітабынан білім сайысы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы өкілдігі әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында "Жастарға арналған 30 хадис" кітабынан білім сайысы өтті.

ҚМДБ төрағасы Омбы мүфтиімен кездесті (фото)

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей Федерациясы Омбы және Омбы облысы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бота Бакулинмен кездесті.

Павлодар облысында жаңа мешіт ашылды

Павлодар облысы Ақтоғай ауданына қарасты Мүткенов ауылында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында күмбезі мен мұнарасы келіскен жаңа мешіт ашылды.