Кешегі өткен демалыс күні Елорда имамдары әйгілі Қабанбай батыр кесенесін зиярат етіп, баба рухына Құран бағыштап қайтты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дархан дала» жобасы аясында жүзеге асқан зиярат сапарына Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған бір топ дін қызметкерлері белсене атсалысып, жексенбі күнін сауапқа толы өткізді.
Жаңалықтар
Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа мешіттің ашылуына қатысты (фото)
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына сапары барысында Төлеби ауданына қарасты Қосағаш елдімекенінде жаңа мешіттің ашылуына қатысты.
Елордада Ғұламалар кеңесінің ХХХІІ мәжілісі басталды (фото)
Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің XXXIІ мәжілісі басталды.
Семей имамдары 2021 жылды қорытындылады
Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлының төрағалығымен «Шәкәрім қажы» мешітінде жылдық есептік жиналыс өтті.
Маңғыстау: Шырақшыларға «Qamqor-Sharapat» қызметі түсіндірілді
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Білім – сарқылмас қазына» атты семинарына қатысушыларға «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жұмысы түсіндірілді.
Бас мүфти «Әбдусаттар Сманов» мешітінің ашылуына қатысты (фото)
Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласында жаңадан салынған Әбдусаттар Сманов атындағы мешіттің ашылуына қатысты.
Халал ет экспорттаудан мұсылман емес ел көш бастады
Бразилия шариғат талаптарына сай ет өндірісі мен экспорты бойынша әлемде көш бастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Сан-Паулу қаласында өткен бизнес-конференцияда сөз алған аталған елдің ауыл шаруашылық министрлігінің сауда-саттық хатшысының орынбасары Флавио Беттареллоға жөн сілтеген Meat Info ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Шариғат шәлісін жамылатын мұсылман әйел NASA ғарышкері атанды
NASA жетекшісі Билл Нелсон Техастағы және Хьюстендегі ғарыш базасына Біріккен Араб Әмірлігінің екі тумасының қабылданғанына жылы қабақ танытты.
«Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы Мысырда таныстырылды (фото)
Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы елшілігінде мазмұнды іс-шара өтті.
Атырау имамдары «Жомарт жұма» атауын қолдайды (видео)
Атырау облысының имамдары сауда орындарындағы «Қара жұма» акциясы атауын «Жомарт жұма» деп өзгертуді қолдайды.
Шымкент: «Пайғамбар ахлағы» кітабы жарық көрді
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайдың «Пайғамбар ахлағы» кітабының танытымы өтті.