29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

21 мың отбасыға «Рамазан сыйы» үлестірілді

Бұл туралы елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде «Зекет және қайырымдылық» қоры Астана қалалық филиал директоры Әли Мырзақұлов хабарлады.

Каирдегі «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде Қазақстан азаматтарына алғаш рет ауызашар берілді

Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен және ҚМДБ өкілдігінің ұйымдастыруымен алғаш рет Каирдегі тарихи «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде Қазақстан азаматтарына ауызашар берілді.

Түркия: ҚМДБ өкілі Дианет ұйымдастырған ауызашарға қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркиядағы өкілі Абдурашит Қарабаев Түркияның Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен мұсылман елдері бас елшілеріне арналған  ауызашарға қатысты.

Семейде «MUNARA TV» арнасының филиалы ашылды (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Абай облысына барған сапарында «MUNARA TV» телеарнасының осы аймақтағы филиалының ашылу рәсіміне қатысты.

Ауызашар өткізудің әдебіне қатысты ҚМДБ мәлімдемесі

Қасиетті Рамазан – мұсылман баласын рухани тәрбиелеп, қарапайымдылық пен кішіпейілдікке баулып, дәулетті мен мұқтаждың арасын жақындастыра түсетін ай. Бұл айда жасалатын әрбір жақсылықтың сауабы еселенеді. Сондай-ақ мұқтажға қол ұшын беру – үлкен сауапты іс. Сол сауапты істің бірі – аузы берік жанға ауызашар беру.

Жеті күнде Құранды толық хатым жасаған қариларға Ұмраға жолдама берілді

Астанадағы «Әлжан ана» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен өткен тарауық намазында жеті күнде Құран Кәрімді толық хатым жасаған қос қариға ұмра қажылығына жолдама берілді.

Бас мүфти бата беру сайысының жеңімпаздарын марапаттады (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Абай облысына сапары барысында ІІ республикалық «Ақ бата» байқауының аймақтық сайысы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

Діни басқарма Семейде ауызашар берді (фото)

Семей қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Абай облысының зиялы қауым өкілдеріне, ақсақалдар мен өңір имамдарына, студенттерге, мұқтаж отбасыларға ауызашар берілді.

Ел үлесі – пәтерге: 810-баспана мешіт имамына берілді

Семей қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен ауызашар рухани кешінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясының 810-баспана кілтін мешіт имамына арнайы табыстады.

Өмірге үміт сыйла: 10 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Семей қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен ауызашар рухани кешінде мүгедектігі бар ерекше бала тәрбиелеп отырған көмекке мұқтаж он отбасыға «Зекет және қайырымдылық» қоры Абай облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен қаржылай көмек берілді.

Бас мүфти ауыл имамына Ұмра қажылығына жолдама табыстады

Семей қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен ауызашар рухани кешінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ауыл имамына кіші қажылық жолдамасын табыстады.