30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы Рәтбек қажы Нысанбайұлына жаңа автокөлік кілтін табыстады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыға барған сапарында мүфтияттың 35 жылдық мерейтойына орай еліміздің тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлына жаңа автокөлік кілтін табыстап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

Бас мүфти Алматыда ардагер имамдармен кездесті (фото)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтияттың 35 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы Орталық мешітінде ардагер имамдармен кездесті.

Бас мүфти Қазақстанның Мысырдағы елшісімен кездесті

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жуырда ғана Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған Асқар Жеңісұлымен кездесті.

Ұмра сапарын ұйымдастыру жөнінде ҚМДБ мәлімдемесі

Қазақстандық азаматтар Қажылық маусымынан бөлек айларда жыл бойы ұмра сапарына баратыны белгілі. Сауд Арабиясына баруға Қазақстан азаматтарына туристік виза ашылғалы ұмраға апарушы қазақстандық турфирмалардың саны өсуде.

Жылдық есеп-2024: 910 гектар зират цифрландырылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының мамандары 2024 жылы 910 гектарға жуық мұсылман зиратын цифрландыру ісіне атсалысты.

Жылдық есеп-2024: Бір жылда 88 баспана кілті табысталды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында 2024 жылы баспанаға мұқтаж 88 отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев хабарлады.

2024 жылы 5081 қазақстандық қажылық жасады

2024 жылы елімізден 5081 адам ұлы сапарға аттанып, қажылық құлшылығын атқарып келді. Бұл туралы ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов баяндады.

2024 жылы 14 кәсіпорынға «Уақыпнама» сертификаты берілді

«Уақып» қоры кәсіпкерлермен сенімгерлік басқару, жалға беру, қайырымдылық келісімшарт жасау арқылы қор капиталын қалыптастыруды жүзеге асыруда. Мәселен 2024 жылы 14 кәсіпорынға «Уақыпнама» сертификатын табыстады.

Жылдық есеп-2024: Дін мен дәстүр бөлімі бір жылда 50 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырды

2024 жыл діни қызмет аясында «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жарияланғаннан кейін Дін мен дәстүр бөлімі және оған қарасты Қоғаммен байланыс секторы Діни басқарма ұйымдастырған барлық ауқымды іс-шараға атсалысты. 

Жылдық есеп-2024: Бас мүфти 59 халықаралық іс-шараға қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2024 жылы 9 елге ресми 11 сапармен барып, 59 халықаралық іс-шараға қатысты.