30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

2024 жылы 447 кәсіпорын сертификатталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесі 447 кәсіпорынды жаңадан сертификаттаудан өткізді.

2024 жылы елімізде 82 мешіт ашылды

ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаевтың айтуынша, 2024 жылы елімізде 82 жаңа мешіт халық игілігіне пайдалануға берілді.

2024 жылы мешіттерде 22 301 адам сауат ашты (фото)

2023-2024 оқу жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оқу орындарын 724 түлек бітірді. Оның 166-сы Нұр-Мүбарак университеті мен 469-ы Діни басқармаға қарасты 9 медресе-колледжді, 67-сі Қарилар дайындау орталықтарын тәмамдады.

Әл-Азһар уәкілі ҚМДБ Төрағасын құттықтады

Мысыр Араб Республикасындағы әл-Азһар уәкілі Мұхаммед ад-Дуейни Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфти лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. 

«Жұма уағызы IV» кітабының таныстырылымы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен 2024 жылды қорытындылауға арналған Төралқа мәжілісінде «Muftiyat» баспасынан шыққан «Жұма уағызы IV» еңбегінің таныстырылымы өтті.

ҚМДБ Төрағасы «Мүфтият үздігі – 2024» марапаттау шарасына қатысты (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2024» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады.

Бас мүфти Аллашүкір Паша-Задеге көңіл айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқанына байланысты Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Шейхул-Ислам Аллашүкір Паша-Задеге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қырғызстанның мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлын құттықтады

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы болып қайта сайлануымен құттықтады.

«Талаба» қауымдастығының өкілдері есеп берді (фото)

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өткен 2024 жылдың қорытынды Төралқа жиынында шетелдердегі «Талаба» қауымдастығының өкілдері арнайы есеп берді.