30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

ҚМДБ Төрағасы имамдарға арналған жұмыс ғимаратының ашылуына қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына барған сапарында Атбасар ауданы Атбасар қаласында мешіт жанынан бой көтерген имамдарға арналған жұмыс ғимаратының ашылуына қатысты.

Астанадағы «Төлебай» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды (фото)

Астана қаласындағы «Төлебай» мешітіне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа бас имам тағайындалды.

«Әзірет Сұлтан» мешітіне азаншы тағайындалды (фото)

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен азаншы тағайындалды.

Алматыда қос мешіт қатар ашылды (фото)

Өткен аптаның қасиетті жұма күні Алматы қаласындағы Алатау және Түрксіб аудандарында 2 мешіт салтанатты түрде ашылып, қала тұрғындарына пайдалануға берілді.

Дін қызметкеріне «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді

Биыл көктемде еліміздің біраз аймағын алапат су тасқыны басқан кезде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қайырымдылық жаршылары» еріктілер қозғалысының жұмысы анық көрінді. Ерекше атап өтерлігі, су тасқыны кезінде жергілікті халыққа көмек қолын созып, жәрдемші болған «Зекет және қайырымдылық» қорының Солтүстік Қазақстан облысындағы жауапты өкілі Қасымхан Исаевтың еңбегі зор болды.

Ақтөбе: 790-баспана кілті табысталды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен өңірлік еріктілер форумында «Өмірге үміт сыйла» және «Ел үлесі – пәтерге» акциялары бойынша сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді.

Мүфтият қызметкерлері БҰҰ форумына қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет пен Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы «Даму бағдарламасының» бастамасы аясында Жапония үкіметінің қолдауымен Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алу  мақсатында өткен «Жастар Орталық Азияның орнықты дамуын таңдайды» атты екі күндік форумына қатысты.

Астана имамдарының білімін жетілдіру семинары өтті

Елордасы Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Имамның тұлғалық бейнесі» тақырыбында имамдардың білімін жетілдіру семинары өтті.