30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Мүгедектігі бар жандарға қуаныш сыйлады

Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісінде «Мүгедектігі бар адамдар» күні атап өтіледі. Атаулы күнге орай ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры тарапынан Астана қаласы мен еліміздің әр өңірінде бірқатар іс-шаралар өтті.

Бас мүфти Хиуадағы халықаралық концеренцияда баяндама жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы тарихы мен мәдениеті терең Хиуа шаһарында жалғасқан «Ислам – бейбітшілік пен ізгілік діні» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама жасады.

Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстандағы елшімен жүздесті

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұловпен кездесті.

Бас мүфти Ташкентте халықаралық конференцияға қатысты (фото)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент шаһарында басталған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға мәртебелі мейман ретінде қатысты.

Түркия: «Талаба» қауымдастығы студенттермен толығуда

ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі әрі «Талаба» студенттер қауымдастығының жетекшісі Абдурашит Карабаев Болу қаласында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен БАИБ университетінің жастар орталығында кездесті.

#ZEKETTEN: Астанада «Ерекше қуаныш» акциясы өтті

Елімізде қазан айының екінші жексенбісі «Мүгедектігі бар адамдар күні» болып белгіленген. Осыған орай «ҚМДБ Зекет және қайырымдылық» қоры өткен демалыс күндері «ЕРЕКШЕ ҚУАНЫШ» акциясын ұйымдастырды.

«Ел үлесі – пәтерге»: 786-баспана Жетісуда берілді

Жетісу облысына жұмыс сапарымен барған ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев 786-баспананың кілтін жалғызбасты кейуанаға табыстады.

«Халал даму» мамандары – Қырғызстанда

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Қырғызстанға арнайы іссапармен барған «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Қырғызстан мүфтиятының тыныс-тіршілігімен танысты. Кездесуге Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» бөлімінің басшысы Бахтияр Тоқтағазыұлы, «Халал Даму» технологы Мейіржан Бауыржанұлы қатысты.