Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысына арнайы барып, көмек көрсетті.
Жаңалықтар
Бас мүфти су басқан өңірлерге қайырымдылық көмек жасауға назар аударды (фото)
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият қызметкерлері және облыс бас имамдарының онлайн қатысуымен су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қайырымдылық көмек көрсету жөнінде арнайы жиналыс өткізді.
Астанадан «Қайырымдылық керуені» жол тартты (фото)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында елордасы Астанадан Қостанай өңіріне «Қайырымдылық керуені» жол тартты.
Мысырдағы «Талаба» қауымдастығы мүшелеріне ауызашар берілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Талаба» қауымдастығының Мысыр еліндегі орта арнаулы, жоғары діни оқу орындарында оқитын 190 шәкіртіне Маңғыстау облысы өкілдігінің атынан ауызашар берілді.
Еліміздің мешіттерінде 637 қари Құран хатым оқуда (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздің 565 мешітінде 637 қари күнделікті тарауық намазында Құран Кәрімді хатым етуде. Бұл туралы елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Аппарат жиналысында Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахмет баяндады.
Рамазан-2024: Әйел-қыздар секторы ауызашар өткізді
ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Алматы өкілдігіндегі мешіт ұстаздары шаһар арулары мен әйел жамағатына ауызашар дастарханын ұйымдастырды.
Діни басқарма Астанада ауызашар берді (фото)
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен зиялы қауым өкілдеріне, мұсылман мемлекеттерінің елшілеріне, мүфтият жанындағы Ақсақалдар, Сарапшылар мен Жастар кеңесінің мүшелеріне ауызашар берілді.
Бас мешітте «Рамазан қоржыны» таратылды (фото)
Бүгін елордада қасиетті Рамазан айының құрметіне ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешіт, «Зекет және қайырымдылық» қоры мен YDA компаниясы бірлескен қайырымдылық шара өтті.
Рамазанның алғашқы аптасында 5055 отбасыға көмек көрсетілді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Рамазан айының алғашқы аптасында және «Наурызнама» аясында республика бойынша Қайырымдылық күніне орай 5055 отбасына азық-түлік себеттері таратылды.
Президент Атырауда ауызашар берді (фото)
Атырауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Бас мүфти: Дәстүр мен отбасы құндылығын дәріптеуге басымдық береміз
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне арналған жиында осылай деді.