30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

ҚМДБ өкілдері – халықаралық конференцияда

ҚМДБ қызметкерлері Еуропа елдерімен өткен «Донорлық және трансплантация үдерісі бойынша ғылыми диалог: қоғамдық, мәдени және діни пікір» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.

Атырауда еріктілер бөгет салу жұмыстарына атсалысты (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры жанындағы «Қайырымдылық жаршысы» еріктілер тобы мен мешіт жастары Береке ауылындағы Жайық жағасына бөгет салу жұмыстарына қатысты.

Оралда «қажет намазы» оқылды

Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінде ел амандығына, топан судың қайтуына, халық зардап шекпесін деген мақсатта «Қажет намазы» оқылды. 

Мүфтияттың гуманитарлық көмегі Жылыойға жеткізілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірлерде су апатынан зардап шеккен тұрғындарға жіберген гуманитарлық көмегі Атырау облысына да жетіп, Құлсары қаласына жөнелтілуде.

ҚМДБ: Әйел-қыздар секторы су тасқынына байланысты көмек көрсетті (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсетуге Әйел-қыздар секторы да атсалысты.

Бас мүфти Қостанайда еріктілермен кездесті (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында мүфтият жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының еріктілер тобымен кездесіп, насихат айтты.

ҚМДБ Төрағасы тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға насихат айтты (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Қостанай ауданында тасқын судан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, насихат айтты.

ҚМДБ өкілдері – Батыс Қазақстан облысында (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдері су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына барды.

Су тасқынынан зардап шеккен 300 отбасыға азық-түлік таратылды (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында орталық мешітте қайырымдылық іс-шарасына қатысты. Қайырымдылық іс-шарасы барысында су тасқынынан зардап шеккен 300 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себеттері таратылды.

Рамазан айының екінші он күні қорытындыланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының екінші он күнінде 800 мыңнан астам адамға ауызашар берілді.

Жастар жамағаты су басқан аймақ тұрғындарына жәрдем берді

ҚМДБ Жастар ісі секторына қарасты өңірлердегі орталық мешіт жастары су тасқыны болған аймақтарда жұмылып жұмыс атқаруда.