Ілім тек амалмен бірге болғанда ғана пайда береді (амалсыз жиналған ілімнің пайдасы жоқ). Оның мысалы – патшаның орынбасарына жіберілген бұйрық хат сияқты: егер оны тек оқып қойса, қандай пайда бар? Ондағы бұйрықты орындау керек.
Ілімімен амал етпейтін адамның мысалы – жолға шыққан мың соқыр кісі сияқты: олар бағытты білмей сенделеді. Ал егер арасында бір көзі көретін адам болса, барлығы соның артынан еретін еді.
Іліміне амал етпейтін ғалым – өзін өртеп отырып, басқаларға жарық беретін балауыз шам секілді: өзгелерге нұр бергенмен, өзі жанып бітеді.
Алланы танытпайтын ілімнен – надандық жақсы. Ағзалары жеміс берген адамның тілі зікірмен айналысады, көзі харамнан тыйылады, құлағы пайдалы ілімді тыңдайды, қолы мен аяғы жақсылыққа асығады.
Қазіргі уақытта жиындарға көп барған адам Аллаға қарсы келеді. Оның мысалы – кепкен ағашты отқа тастап, оның жанбауын қалаған адам сияқты: ол мүмкін емес нәрсені тілеп тұр. Риуаятта да: «Адамдар оны таныпты, бірақ өзі оларды танымайтын жерде өмір сүрген адам бәлеуге душар болады» делінген.
Сен өзің тақуа болсаң да, қасыңда отырған адам ондай болмауы мүмкін: ол сені ғайбатқа, нәпсі азғыруына, жаман сөз бен ойға тартуы ықтимал.
материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,
ummet.kz