21 Қыркүйек 2026, Дүйсенбі 10 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 05:53
Бесін 12:12
Екінті 16:23
Шам 18:20
Құптан 19:48

Әбу Ханифаның (р.а) сахабалармен жолығуы

Әбу Ханифаның (р.а) сахабалармен жолығуы

Абдулла ибн Жағфар әр-Рази Әбу Әли имам Әбу Юсуфтан жеткізеді:


«Мен Әбу Ханифаның былай дегенін естідім: «Тоқсан алтыншы жылы әкеммен бірге қажылық еттім. Ол кезде жасым он алтыда болатын. Сөйтіп, бір кісінің жанында адамдар жиналып тұрғанын көріп, әкемнен ол кісінің кім екенін сұрағанымда:

«Бұл – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сахабасы – Абдулла ибн Харис ибн Жазим», – деп жауап берді. Онда не үшін жиналып жатқанын сұрағанымда: «Ол кісі Пайғамбардан (с.ғ.с) естіген хадистерін айтып жатыр», – деді. Сонда мен әкеме: «Мені ол жерге алып барыңыз, одан хадис тыңдайын», – дедім. Адамдардың арасынан оған қарай жақындап, хадис естідім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім Алланың дінін үйрену үшін жолға шықса, Алла Тағала оны уайым-қайғысынан құтқарады әрі күтпеген жерден ризықтандырады», – деді».

Әбу Ханифаның (р.а) артықшылығы жайлы Хауаризми былай деген: «Оның Пайғамбар (с.ғ.с) сахабаларынан хадис риуаят еткеніне ғұламалар бірауыздан келіскен. Бірақ жеткізген хадистерінің саны жайлы әртүрлі пікір айтылады».

Кімде-кім Әбу Ханифаның (р.а) табиғин екенін мойындамаса, ол – надан немесе қырсық кісі.

материал «Пайғамбар (с.ғ.с) намазының көрінісі» кітабынан алынды,   

ummet.kz