30 Шілде 2026, Бейсенбі 16 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:28
Күн 04:31
Бесін 12:26
Шам 20:10
Құптан 22:12

«Қайда болсаңдар да, Ол сендермен бірге…» («Хадид», 4)

«Қайда болсаңдар да, Ол сендермен бірге…» («Хадид», 4)

Құран Кәрімдегі: «Қайда болсаңдар да, Ол сендермен бірге» («Хадид» сүресі, 4-аят), «Біз адамға күре тамырынан да жақынбыз!» - («Қаф» сүресі, 16-аят) сынды аяттардың сырына лайықты түрде қол жеткізу.


Демек, ол фәнә филлаһ мәртебесіне жету арқылы болады. Өзін Алла Тағала жолына арнаған кәміл мүршидтің жүрегі иләһи есімдердің көріністеріне ие болу арқылы нұрға бөленген. Сол себептен, мүршидтің жүрегі бейне сәулелерді бір нүктеге жинаған лупа іспетті сол иләһи көріністердің берекетімен барлық жамандықтарды өртеп күл қылады.

Мүрид рабыта арқылы сол берекеттен пайдалануға тырысады. Жүректен нәпсінің менменшіл іспетті жаман сезімдері жойылып, оның орнына өнеге алған тұлғасының халдері орнығады. Жүректі мазалайтын барлық дүниелік істер мен оның қайғысы жүректен тысқары шығарылып, лайықты орнында ұсталады.

Мүрид пен мүршид арасындағы осы хал ауысуы мүридтің пірімен бірдей болуға бет алғаны. Хадис шәрифте: «Адам сүйгенімен бірге болады» - (Бұхари, Әдеп 96) делінген.

Сондай-ақ, бұл жайында Құран Кәрімде айтылған Кәһф иелері қиссасы өте мәнді. Кәһф иелерінің иті Қытмир салиқалы, турашылдарды күзеткені үшін оған да турашылдық жұққан. Сөйтіп, ол да турашылдардың қатарында жәннатқа кіреді. (И. Хаққы Бурсәуи, Рухул-Баян,V, 226). Қытмирдың өзі шынайылықпен тура жолдағы адамдарды күзеткені үшін осы дәрежеге жетіп жатса, шынайы мүминнің Алла достары мен салихтарға сүйіспеншілікпен байлану арқылы қаншалықты жоғары дәрежеге жетері баршаға аян.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,  

ummet.kz