Құран Кәрімнің тіпті хайуанаттар мен періштелердің өзіне әсерін тигізетіндігін білдіретін мына бір оқиға өте ғибратты:
Үсәйд бин Худайр (радиаллаһу анһу) айтады: Түнде Бақара сүресін оқып отырдым. Атым дәл қасымда байлаулы тұр еді. Бір кезде ат секіре бастады. Оқуды тоқтаттым, ат та тынышталды. Қайта оқыдым, ат тағы да секірді. Тіпті ұлым Яхияны басып кете ме деп қорқып қолыма алдым: Сол кезде аспанға қарасам шам сияқты бір нәрселер көрдім. Сосын олар аспанға көтеріліп көзден ғайып болды.
Таңертең болған істі Расулаллаға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтқанымда маған:
«Оқы! ей, Үсәйд, Оқы!»
«Ей, Үсәйд! Ол көргендеріңнің не екенін білесің бе?» - деп сұрады.
«Жоқ» - дедім.
Сонда Алла Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Олар сенің оқыған Құраныңды тыңдауға келген періштелер еді. Егер сен оқи бергенде, таң атқанша сені тыңдайтын еді. Ол періштелер жасырына алмай, адамдар оларды көре алатын еді» - деді (Бұхари, Фәзайлул-Құран 15).
Құран адамзатқа түскен. Ол «түсінігі бар» адам үшін таусылмас тәфәккүр қазынасы. Құранның руханиятынан аулақ қалудың салдары нақты әрі мәңгілік қасірет. Құрандағы хикмет, ғибрат және сырлар дариясынан бейхабар қалғандарға
Алла Тағала былай бұйырады: «Олар Құранды егжей-тегжейлі ойламай ма? Әлде олардың жүректерінде құлып бар ма?» («Мұхаммед» сүресі, 24-аят)
Құран Кәрім - Алла Тағаланың есімдерінің біздің түсінігімізге сөз түрінде шағылысы. Алла Тағала бір аятта Құран Кәрімнің шексіз мағынасы мен көркін: «Егер жер бетіндегі ағаштар қалам, теңіздер де жеті теңіз қосылып сия болса сонда да Алланың сөздері жазумен бітпейді. Шүбәсіз Алла үстем әрі хикмет иесі» («Лұқман» сүресі, 27-аят) - дейді.
Жүрегіміздің Құранның руханиятынан нәр алып хикмет пен сырларға толуы оны оқыған кездегі жүрегіміздің дәрежесіне байланысты. Сол себепті Құранның ақиқатына жету үшін жүректің дәрежесін көтеру қажет. Өйткені, һидаят шырағы
болған Құран Кәрім өзіне жақындаған адамның жүрегіндегі ниеті мен жағдайына қарай әрі тура жолға әрі адасушылыққа апаратын мәнге ие.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz