27 Шілде 2026, Дүйсенбі 13 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:26
Күн 04:27
Бесін 12:26
Екінті 17:47
Құптан 22:15

Я, Раббым, мен жоғалттым, Сен жоғалтпапсың!

Я, Раббым, мен жоғалттым, Сен жоғалтпапсың!

Бір әйел жыл сайын бала босанатын. Алайда балалары алты айдан ұзақ өмір сүрмейтін. Үш айлық кезінде немесе төрт айында шетінеп кететін.


Әйел күңіреніп:

– Уа Раббым, мына балалар маған тоғыз ай жүк болады, маған үш ай ғана қуаныш сыйлайды. Маған берген нығметің қолымнан тез шығып кетіп жатыр, – дейді.

Алланың әулиелеріне жылап-сықтап, балаларының өлімі туралы айтып шағымданды. Осылайша жиырма баласы шетінеп, бауыры езілді.

Бір күні түнде ол әйел түсінде жап-жасыл, әдемі, кереметтей мәңгілік мекенді, жұмақты көреді. Байғұс әйел жұмақты көріп қатты қуанады. Көңіліне жұбаныш болатын сондай нәрсені көріп таңданады. Сарайдың бірінде өзінің атының жазулы тұрғанын көріп, сол ғашық ол жерді өзімдікі деп ойлады. Сосын оған:

– Бұл нығмет – жанын пида етуге дайын және осы пидакерлікте тұрақтылықтан ажырамаған адамдікі. Сен де осы таңғы астан жеуің үшін біраз қызмет етуің керек. Бірақ сен Алланы пана тұтуда жалқаулық жасайсың. Алла да сол үшін саған сол қиындықтарды берді, – делінді.

Әйел:

– Уа Раббым, бір ғасыр, тіпті одан да ұзақ уақыт бойы менің қанымды төк, перзенттерімді өлтір, мен разымын, – деді.

Ақырын басып сол бақшаға кіргенде барлық балаларын сол жерден көріп:

– Уа Раббым, мен жоғалттым, бірақ Сен жоғалтпадың! – деді.

материал «Көңілдің сұлтаны» кітабынан алынды, 

ummet.kz