08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:55
Күн 06:21
Бесін 12:07
Шам 17:42
Құптан 19:08

Әбу Ханифаның байсалды ұстанымы

Әбу Ханифаның байсалды ұстанымы

Табиғин Ато ибн Аби Рабахпен алғаш кездескенде Ато айтты:

- Қайдан боласың?

- Куфадан

- Діндерін түрлі топқа бөлген ауылдан ба?

- Иә

- Сен қай топтансың?

- Алғашқы ізгілерді(алғашқы үш ғасырда өмір сүрген  мұсылмандар) сөкпейтін, тағдырға сенетін және күнә жасаған адамды кәпір демейтіндерденмін.

- Хақты таныдың! Осы жолда берік бол! - деді Ато ибн Аби Рабах, Алла екеуіне де разы болсын!

Ғалымдар осылай даналықпен, қысқа-нұсқа көп нәрсені меңзейтін әрі қамтитын жауаппен жауап береді. Біз болсақ ана жерде әңгіме айтып кетуші ме едік…

материал Олжас Ханафиннің «Ілімге ғашық адам» кітабынан алынды,

ummet.kz