08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:55
Күн 06:21
Бесін 12:07
Шам 17:42
Құптан 19:08

«Бізде «қайырымдылық жасау» деп осындайды айтады»

«Бізде «қайырымдылық жасау» деп осындайды айтады»

Базарда қой сатып тұрған бәдәуи әйелге біреу келіп:

«Мына қойыңның бағасы қанша?», - деп сұрайды. Әйел: «Осынша тұрады» деп бағасын айтады. Әлгі кісі қойдың бағасын едәуір түсірмекші болып: «Бір қайырымдылық жасасаңшы», - деп қалады.

Мұны естіген әйел қойдың жібін әлгі еркекке ұстатып жүріп кеткен екен. Бұл уақиғаны сырттай бақылап тұрған біреулер әйелдің тұсына келіп: «Мұның не? Қойды беріп кеткенің қалай?», - деп таң қалысып сұрайды.

Әйел: «Ол маған қойдың бағасын түсірсеңші деп айтпады. Бір қайырымдылық жасасаңшы деп айтты. Біз жақта «қайырымдылық жасау» деп қойды тастап кететіндей ізгі істерге айтылады», - деген екен.

материал ұстаз Бауыржан Әлиұлының «Ойлаймын да» кітабынан алынды,

ummet.kz