30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Сағат сыйлауға болмайды дейді сол рас па?

Сағат – айырылысудың нышаны. Сағат тоқтағанда, сендердің де қарым-қатынастарың үзіледі деп ырымдайды. Қытай елінде сағат сыйлауды – жерлеу рәсіміне шақыру деп түсінеді екен. Славян халқында: сағат сыйлайтын болсаңыз, онымен бірге күйініш, бақытсыздық, өкініш сыйлағаныңыз.   

Шортан (щука), лақа (сом) жылан балықты жеуге бола ма?

Ханафи ғұламаларының айтуы бойынша, балық пішіндес емес, балық атаулыға жатпайтын су жануарларының еті халал емес. Сондықтан да, ат балық (морские коньки), су шошқасы, су шаяны т.б. жеуге болмайды. Бірақ, жылан балықтың еті халал[1].  Және шортан балығы да балық тәріздес су хайуаны болғандықтан, оның  да еті адал деуге негіз бар.

Саудамен айналысқанда күнә жасамас үшін не нәрсеге мән береміз?

Барлық кәсіп түрінде және саудада айла, қулық жасамау парыз болып табылады. Сатып алушыға қай тұрғыдан болсын зиян тигізбеу керек. Зиян тигізетін әр іс – зұлымдық болады. Ал зұлымдық – харам болып табылады. Әрбір мұсылман, өзіне жасалуын қаламайтын істі кәпірлерге де жасамауы тиіс.

Адамның өлімге даярлануды кешіктіруі – неткен надандық

Адам баласы өзінің жастығына сеніп қалады. Сол себепті де ол жас кезімде ажал келмейді деп пайымдайды. Ол бейшара, бұл өмірде ер адамдар арасында қартайғандардың үлесі онан бірін ғана құрайтынын білмейді. Демек, қарт адамдарға қарағанда, жастардың саны көп. Ал қарттардың санының аздығының көрсеткіші, қалалық жердегі жастардың өлімінің көптігіне дәлел болып тұр.