30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Жәннаттың қақпасын немен қағамыз?

Алла елшісі: «Жәннаттың қақпасын жиі қағыңыздар», – дейді. Сонда Айша анамыз (р.а): «Жәннаттың қақпасын немен қағамыз?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аштықпен және шөлмен», – деп жауап береді.

Үй аламын деп жинаған ақшадан зекет берем бе?

Шариғатта бір мұсылманның қолындағы суы ішуге ғана жетіп тұрса, одан басқа суы болмаса, ол суы жоққа есептеліп, дәреттің орнына таяммум соғады. Тура сол сияқты, өзінің «негізгі (асли) қажеттіліктеріне» жұмсалатын ақшалары да жоқ есебінде болып, олар зекетке есептелмейді.

«Біздің базарларымызда дінді білетін саудагерлер сауда жасасын»

Әзірет Омар (р.а.): «Біздің базарларымызда дінді білетін саудагерлер сауда-саттық жасасын», – деген (Мүслим, Фадаилус Сахаба 100, (2451).

Неге ықыласты құлдарды Ібіліс азғыра алмайды?

Ықыласты амал мен ғибадатқа ие құлдарды шайтан азғыра алмайды. Алла Тағаланың Құранда Ібіліске: «Менің таңдаулы һәм ықыласты құлдарыма сенің ещқандай ықпалың жүре алмайды» деуінің себебі осы. Неге ықыласты құлдарды Ібіліс азғыра алмайды?

Түшкірген кезде «Жаракәмалла» деп айтуға болмай ма?

Түшкірген кезде «Жаракамалла» деп жататындар бар. «Йәрхамукәллах» деп айту керек деп айтады ұстаздар. «Жаракамалла» деп айту қаншалықты қате?