29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

«Қияметте Алла құзырында қандай құлдар қадірлі болады?»

Егер сізге байлық нәсіп етілмесе, онда аса Құдіретті де Ұлы Алланы дәріптеңіз, Оны ұлықтаңыз, Оған мадақ айтыңыз және «Алладан басқа ешбір құдай жоқ» деңіз, өйткені бұл сөздердің әрқайсысына берілер сауап садақа үшін берілетін сауаппен теңеседі, ал бұдан артық қандай сауап бар?!

Хикмет пен тақуалық – бір анадан туған бауырлар

Хикмет пен тақуалық – бір анадан туған егіздер секілді жақын бауырлар. Сол сияқты күнәлар мен мал-дүние – басы жиі бірігетін бір мекеннің тұрғындарындай.

Азанды естіген адамға мешітке келудің уәжіптігі

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Ол: «Пайғамбарға (с.а.с.) бір соқыр кісі келіп: «Уа, Алланың елшісі! Мені мешітке ертіп келетін адамым жоқ», – деп, Алла елшісінен (с.а.с.) намазды өз үйінде оқуға рұқсат беруін сұрады. (Пайғамбар (с.а.с.)) оған рұқсат берді де, ол кете бергенде, (қайта) шақырып: «Намазға азан шақырылғанын естисің  бе?» – деп (сұрады). Ол: «Иә», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Онда (оған) жауап бер», – деп айтты», – деген (653/255).

Бәраат түні – Шағбан айындағы ең қасиетті түн

Шағбан айының тағы бір ерекшелігі ол айда қасиетті Бәраат түнінің (Оттан құтылу түні) болуы. Бұл түн Шағбан айының 14-інен 15-іне сәйкес келеді.

Ысырап – адамның ісінде және сөзінде шектен шығуы

Жалпы алғанда, ысырап – адамның кез келген ісінде немесе сөзінде шектен шығуы, дегенмен бұл әрекет көбіне шығын жасауда байқалады.