29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Басқалар танымаса да, періштелер білетін адам – нағыз мәшһүр адам

Қазіргі заманның апаты, бәрі байланып қалып шыға алмай жүрген, көптің өмірін құртып, абыройын түсірген, қоғам алдындағы абыройына кері әсерін берген, жастарды құртып, адастырған ғасыр дерті – жасанды танымалдылық.

Әбу Әмәмә әл-Бәһилиден жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с): «Шағбан айы кіргенде, өздеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар», - деген.  Осы айтқандай, бұл ай тазалық айы. Көңілдің, жүректің тазалығын қажет ететін ай. Рамазан айы келместен, бес парыздың бірі - оразаға дайындық жасап, адамға деген өкпе, реніштен көңілді тазартатын ай болып саналады.

Кімде-кім бұл тілді жетік білсе, санасы сау, жүрегі тыныш болмақ

Басқаның қателігін елемеу адамға разылық сезімін алып келеді. Ондай адам сәйкесінше, басқаның кішкентай жетістігінің өзіне қуана алады. Жаны тыныш, жүзі жадыраңқы келеді. Көршімен де, туыс-туғанмен де, дос-жаранмен де тату болады.

«Егер» деген сөз шайтанға есік ашып береді

Алла кейбір сынақтарды белгілі бір қағиданы пенде жаттап, санасына орнықтырып алу үшін береді. Тіпті сол сынақтар арқылы адам дұрыс пен бұрысты, жақсы мен жаманды ажыратып алады. Ол нәрсе өткенге өкіне бермеу үшін де болуы мүмкін. Пенденің астамшылық пен өзімшілдікке салынып кетпеуі үшін де кейде сабақ ретінде жүзеге асып жатады.

Пайғамбардың (с.ғ.с) Шағбан айында жасаған ізгі амалы


Шағбан – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен ерекше нұсқаулықтар табуға болатын қасиетті айлардың бірі.

Шағбанда ораза ұстаудың артықшылығы туралы хадистер

Шағбан – Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен ерекше нұсқаулар табуға болатын ең бағалы айлардың бірі.

Шағбан айында қай күндері ораза ұстау керек?

Шағбан айы шамасы келген мұсылманға көптеп нәпіл ораза ұстайтын ай. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзге айлардан гөрі осы Шағбан айында көбірек ораза ұстайтын болған.

Алла Елшісінің (с.ғ.с) Шағбан айында айтқан насихаты

Бірер күннен соң, көптеген мұсылмандар әр жыл сайын асыға күткен қасиетті Рамазан айы басталады. Осы орайда, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Шағбан айының соңғы күні өзінің ардақты сахабаларына жасаған құтбасы баяндалған мәшһүр хадисті назарларыңызға ұсынамыз. Сонымен қатар, бұл хадистің дәрежесі қандай әрі бұл хадистен алынатын қандай пайдалар мен нұсқаулар барына тоқталатын боламыз.