29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Құран оқысаң да, ескіліктің адамы деп ойлайды

«Содан олар оны азын-аулақ тиын-тебенге сатып жіберді. Олар одан тезірек құтылу үшін оны тым төмен бағалаған еді» ("Юсуф", 20).

Бұл дүниеде Жүсіпті тиынға сатқан, Нұхты өтірікшіге шығарған, Ибраһимді отқа тастаған, Мұсаны сиқыршы деп жала жапқан, Зәкәрияның басына ақша тіккен, Мұхаммед пайғамбарды таспен атқан. Сөйткен дүние сені арқаңнан қаққанын қалайсың ба?!

Дүние опасыз! Алланың рахметімен дүние жиын-терім орны емес, егістік алаңы етілген. Басқаның бәрін қой да, ертең өзіңе керек болатын, азық болып алдыңнан шығатын нәрселерді ек!

Сөз бітпейді. Тыныш жүрсең, «үндемегеннен үйдей бәле шығады» дейді, мешітке барып, намаз оқып, ілім алып жүрсең, «сектаға кіріп кетіпті» дейді, садақа берсең, «рия жасап жатыр» дейді, Құран оқысаң да, ескіліктің адамы деп ойлайды. Олар сені сыйламаса да, өзіңді-өзің сыйлағаның одан мың есе жақсы.

Ешкімнің сөзіне ерме! Біреудің сөзімен, өзгелердің қалауымен емес, өзіңмен өзің болып өмір сүр!

 

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz


Науқасқа зияраттап барғанда нендей мәселеге мән беру керек?

Сопылық жолының белді өкілдерінің бірі, Ханбали мәзхабының ғалымы Абдулқадір әл-Гәйләни (р.а.) өзінің «Ақиқат жолын іздеушіге жеткілікті мәлімет» (әл-Ғуня)» атты еңбегінде: үлкенге құрмет, кішіге ізет үшін орнынан тұрудың ұнамды қылық екендігін айтады. Ол (р.а.) былай дейді:

Алла Тағаланы еске алу – отбасы бақытына апаратын негізгі фактор

Негізінде, Алла Тағаланы еске алу немесе зікір – отбасы бақытына апаратын факторлардың әуелгісі екендігінде ешкімнің күмәны жоқ.

Келген адамға құрмет көрсетіп, орнынан тұрудың айыбы бар ма?

Сопылық жолының белді өкілдерінің бірі, Ханбали мәзхабының ғалымы Абдулқадір әл-Гәйләни (р.а.) өзінің «Ақиқат жолын іздеушіге жеткілікті мәлімет» (әл-Ғуня)» атты еңбегінде: үлкенге құрмет, кішіге ізет үшін орнынан тұрудың ұнамды қылық екендігін айтады. Ол (р.а.) былай дейді:

Қатты жек көру – құрдым. Қатты жақсы көру – қатер

«Қайсыбір қауымға деген өшпенділіктерің (немесе олардың сендерге деген өшпенділігі) сендерді әділетсіздік жасауға итермелемесін!» ("Мәида", 8).

Өзгенің кемшілігін теру – нәпсі дертінің бір түрі

Елемеу – өмірлік басты өнер түрлерінің бірегейі, өмірдің сапасын арттырып, дау-дамайдың, кикілжіңнің бетін қайтаратын құрал.