Мұсылман ғалымдарының көпшілігі қыз балалардың 9-15 жас аралығында, ал ұл балалардың 12-15 жас аралығында балиғат жасына толатынын айтады.
Ислам тарихы
Пайғамбардың (с.ғ.с) «Мен – Ибраһимнің дұғасымын» дегенін қалай түсінеміз?
Ибраһим пайғамбар бір кездері әйелі Ажарды құндақтағы сәбиімен бірге Қағбаның төңірегіне, сусыз шөлді мекенге Алланың әмірімен тастап кеткен болатын. Исмайылдың құрметіне ол жерде зәмзәм суы шығып, ел болып Ибраһим пайғамбардың ұрпағы көбейеді.
Құранда «кедейлік» ұғымы қалай түсіндірілген?
Адам баласы – жан дүниесіне даналық салынып, күллі жаратылысты игілігіне жаратуға икемді етілген жаратылыстың көркемі. Оған берілген даналық – Құран және сүннет.
Төрт түрлі қасиетті арттыратын ай
Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Бұл айда төрт түрлі қасиетті көбейтіңдер. Оның екеуі Раббыларыңды разы ететін қасиеттер: шаһадатты және истиғфарды көп айтып жүріңдер. Енді екеуі өздеріңе аса қажетті қасиет: Раббыларыңнан жұмақты сұраңдар да, тозақтан азат етуін тілеңдер!» деген.
Құранның жүрегіне айналған сүре
«Иәсин» – Құран кәрімдегі 36-сүренің атауы. Бұл атау осы сүренің 1-аятындағы «иә» және «син» әріптеріне байланысты берілген. Бұл әріптер «хуруф муқаттаға» деп аталады, олардың мағынасы бір Аллаға ғана аян. «Иәсин» сүресі 83 аяттан тұрады.
Туған-туыстармен қатынасу әдебі
Туған-туыспен қатынасып тұру, олардың хал-жағдайын біліп отыру, көңілін аулау – әдептіліктің, игі қасиеттің бірі.
Дәстүрлі ислам: ерекшеліктері мен құндылықтары
Дін – кез келген жеке адам, қоғам, ұлт өміріндегі ең маңызды фактор. Дін, сенім болмаса, үлгілі мәдениет құру да мүмкін емес. Тарихта дінге немқұрайды қараған мемлекеттер қанша алып болса да, ұзақ салтанат құра алмаған. Ал бүкіл адамзат тарихында Ислам дінінің алар орны ерекше. Оның ғылым мен білім, мәдениет пен өркениеттің сарқылмас кәусар бұлағы екендігін әлем әлдеқашан мойындаған. Мың жылдан астам уақыттан бері ата-бабаларымыз осы ислам дінін ұстанып, жоғары бағалап келеді.
Неліктен Әбу Ханифа кейбір сахих хадистермен амал етпеген?
Неліктен Әбу Ханифа кейбір сахих хадистермен амал етпеген? Әбу Ханифаның «сахих хадис көрсеңдер, сол менің мәзһабым» деген сөзі бар емес пе?
Фиқһи мазһабтардың хақтығы жайлы заманауи дәлелдер мен пәтуалар
Маккаи Мукаррамада орналасқан, әлемдегі ең әйгілі мұсылман орталығы боп табылған Рабитаи Алами әл-Ислами қарамағындағы Ислам Фиқһи Академиясының шешімдерін өздеріңізге ұсынудан бұрын Рабитаның мәжілісіне де, Фиқһи Академиясына да Саудияның бас мүфтиі шейх Абдулазиз Ибн Баз басшылық еткен және ол кісінің бірқатар әріптестері мүше болғанын білдіріп өтпекшіміз. Себебі мазһабты мойындамайтындардың көпшілігі осы кісілерге еретіндіктерін айтады. Біз осы дәлелдерді келтіріп өткеннен кейін олар насихаттап жүрген мазһаб мойындамайтындықтары қаншалықты дұрыс, бұрыс екендігі аян болады деген үміттеміз.
Азық-түліктерді харам етуде Құран мен сүннеттің рөлі
Тағамдардың бірқатары Құран аяттары арқылы, бірқатары сенімді сүннет арқылы харам етілген. Себебі сүннеттің Құрандағы умум айтылған мәселелерді тахсис етуі, мутлақ аяттарға тақийд жасауы, мужмәл аяттарды тафсил етіп және мубһам аяттарды тәпсірлеу секілді функциясымен қатар, Құранда мүлде қозғалмаған жаңа үкімдерді айтуы секілді рөлі бар. Басқаша айтар болсақ, Құраннан кейінгі кезектегі қайнаркөз болып табылатын сүннетте де кейбір нәрселер халал, кейбір нәрселер харам етіледі.
Шайтанның адамды алғаш адастыруы
Алла Тағала Адам мен жұбайын жаратып жұмаққа кіргізеді. Ол жерден қалағанша жеп-ішуіне рұқсат беріп, тек аты аталмаған ағашқа жоламауды бұйырады. Әйтпесе, (өз-өздерінің обалына қалған) залымдардың қатарына қосылатындарын айтып ескертеді.