29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Хадис риуаят етудегі асқан жауапкершілік

Сахабалар болсын, олардың сұхбатын тыңдау бақытына ие болған табиғиндер болсын немесе оларды көрген тәбә-табиғиндердің қай-қайсысы да естігендерін естіген күйі жүрдім-бардым қабылдай салатын жай адамдар емес еді.

Дәрет алғанда қандай суды қолданған жөн?

Аспаннан жауған қар немесе жер астынан шыққан және дәрет пен ғұсыл алу үшін қолданылатын су өзінің табиғи қасиеттерін, яғни түсін, дәмін және иісін сақтап қалуы тиіс.

Құранда ағымға бөліну жайында не айтылған?

Мұсылмандар ең алдымен қасиетті Құран Кәрімді басшылыққа алады. Құран – мұсылмандарды тура жолға бастайтын ұлық кітап. Оның ақиқаттығына күмән жоқ. Мұсылмандар әрбір істе Құран үкіміне жүгінгендей, ағым мәселесінде де Алланың әмірі жазылған кітап аяттарына құлақ салары сөзсіз.

Құран жаратылыс емес, 
ол – Алланың кәламы

Қасиетті Құран – кәламулла. Яғни, Алланың кәламы. Кәлам – Алла тағаланың зати (затында), қадим (ежелден бар) сипаты, кейіннен пайда болмаған. Немесе жаратылыс емес. Бұл Алла тағаланың өзге де сипаттары сияқты қадим сипаттарының бірі. Кәлам – сөз, сөйлеу мағынасын білдіреді. Алла тағала осы сипатымен бұйырады, тыяды және хабар береді.

Жария және іштей зікірдің қайсысы абзал?

Жария және іштей зікірдің қайсысы абзал? Зікір дауыстап та, іштей де айтыла береді. Қадария, Шәзилия секілді тариқаттар жария айтуды көбірек қолданса, Нақшыбандилер іштей айтуды таңдаған. Бұхаридың жинағында келген риуаяттан Алла елшісінің (с.а.у.) заманында да зікірді дауыстап айтудың бар екеніне куә боламыз.

Зікір салудың дінімізде дәлелі бар ма?

Зікір сөзі «еске алу», «еске түсіру» деген мағынаны білдіреді. Құранның «Сөзсіз, Біз Зікірді (Құранды) түсірдік. Біз оны өзіміз сақтаймыз» деген аятында зікір сөзі «Құран» мағынасында қолданылса, «Уа, иман келтіргендер! Жұма күні намазға азан шақырылғанда (намаз және құтпа арқылы) Алланы зікір етуге асығыңдар!» деген аятында «жұма намазы» мағынасында келген.

Өлгеннен кейін қайта тірілуге иман келтірудің пайдалары

1) Өлім­нен кейін қай­та ті­рі­лу­ге то­лық илан­ған кез кел­ген адам­ның қо­ғам­да­ғы ең се­нім­ді тұл­ға­ға ай­на­ла­ры сөз­сіз. Се­бе­бі оның се­ні­мі бойынша, Ұлы жа­ра­ту­шы­сы өзі­нің іс­те­ген әр­бір ісін кө­ріп тұр. Бұ­ған қо­са бар­лық қимыл-әре­кет­те­рі екі жа­ғын­да­ғы пе­ріш­те­лер та­ра­пы­нан үнемі жазы­лып, есеп­ке алы­ну­да. «Зил­зала» сү­ре­сін­де ай­тыл­ған­дай:

Жұмақта адам жас бола ма, қартайған түрде бола ма?

- Жұмақтық болып өмірден өткен жанның жасы қаншада болса да, жұмаққа 30 жастағы адам болып кіреді әрі осы жастан мәңгі өзгермейді. Тозақтықтар да осындай» (Тирмизи, Жәннат 23).

«Тәуәссул» дегенді қалай түсінуге болады?

Тәуәссулдің сөздік мағынасы «белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін қандай да бір себеп, құрал қолдану» дегенді білдіреді. Мысалы, бір жерге бару үшін көлік қолдану да тәуәссулге жатады. Ал, шариғатта тәуассул деп: «Дұғаның қабыл болуы үшін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немесе басқа бір аса тақуа адамның құрметін себепкер етуге айтылады. Мысалы, «Уа, Алла Тағалам, соңғы пайғамбар әрі сенің сүйікті құлың Мұхаммедтің (с.ғ.с.) құрметіне менің мына дұға-мінәжаттарымды қабыл ала гөр» деп тілек тілеу секілді.