Шағбан айы – шамасы келген мұсылманға көптеп нәпіл ораза ұстайтын ай. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзге айлардан гөрі осы Шағбан айында көбірек ораза ұстайтын болған.
Ислам тарихы
Шағбан айы – Рамазанға дайындық айы
Әбу Бәкір әл-Балхи атты кісі: «Ережеп – тұқым себу, шағбан – суару, ал Рамазан – соның жемісін жинау айы. Тұқымын сеуіп, оны суармаған адам қалай жемісін көрсін?» деген екен. Иә, Шағбан айы – Рамазанға дайындық айы, зор мүмкіндіктерге толы ай.
Қабір азабы мен нығметтері жан мен тәнге жеке беріле ме, екеуіне ортақ па?
Ғұламалар: «Көптеген сахих хадистер сұрақ-жауап кезінде жанның тәнге қайтарылуына дәлел болады. Ал тәннің жансыз түрде сұраққа алынуы туралы бір топ адамдар айтқан, оны ғалымдардың көбісі жоққа шығарды.
Шағбан айында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жасаған ізгі амал
Шағбан – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен ерекше нұсқаулықтар табуға болатын қасиетті айлардың бірі. Сахих хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Шағбан айында көп ораза тұтқандығы айтылады.
Шағбан айында қай күндері ораза ұстаймыз?
Шағбан айы шамасы келген мұсылманға көптеп нәпіл ораза ұстайтын ай. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзге айлардан гөрі осы Шағбан айында көбірек ораза ұстайтын болған. Сахаба Усама ибн Зәйд оныңсебебін сұрағанда Ол (с.ғ.с): «Бұл айда барлық істер әлемдердің Раббысына көтеріледі. Менің де істерім Алланың құзырына аузым берік болған күйде көтерілуін қалаймын», - деп жауап берген екен [1].
Дегенмен, қанша күн әрі қай күндері ораза ұстау керектігі риуаяттарда нақты айтылмаған. Сондықтан да, қанша күн ұстаймын десеңіз де өз еркіңіз. Мәселен, дүйсенбі мен бейсенбі күндері ауыз бекітсеңіз болады. Сондай-ақ, Шағбан айының 13, 14, 15 күндері, яғни, «үш ақ күндері» ораза ұстаған дұрыс. Әсіресе, Шағбан айының 15 күні (Бәраат күні) күндіз ораза ұстап (28-наурыз), түнін (29-наурыз) ғибадатпен өткізгеннің сауабы мол. Бір «әлсіз хадисте» былай делінген: «Шағбан айының ортасы болғанда түнін ғибадатпен, ал күндізін оразамен өткізіңдер. Алла Тағала сол күні күн батқанда дүние аспанына түседі де былай дейді: «Менен кешірім тілейтін пенде бар ма, кешірім етейін? Менен ризық-несібе тілейтін пенде бар ма, ризығын арттырайын? Ауру-сырқауға шалдыққан бар ма, саулық берейін?» т.б. осылай таң атқанша жалғасады»[2].
Осы тұрғыда, кейбір мұсылмандардың өткен Рамазан айынан өтелмей қалған қаза оразалары болса, осы айды пайдаланып, соларды да өтеп алғандары абзал. Алла жасаған құлшылықтарыңызды қабыл еткей!
[1] Нәсәи – 2357 хадис
[2] Ибн Мәжә: Сүнән - №1388 хадис
ummet.kz
Барлық дертке дауа болатын шипа аяттары
Құранның тікелей шипа көзі екендігіне қатысты көптеген аяттар бар. Ендеше, сол шипа аяттарына тоқталайық:
Өмірді жақсы аяқтаудың белгілері
Өмірді жақсы аяқтаудың белгілері Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінде пенденің ғұмырын жақсы өткізгеніне дәлел боларлық айқын белгілер көрсетілген. Бұ дүниемен қоштасқан адамнан сол белгілердің біреуі байқалса – оның нығметке бөленгені. Алла тағаладан сондай игілік, қайырлы өмір нәсіп етуін сұраймыз.
Өмірді жақсы аяқтаудың белгілері
Өмірді жақсы аяқтаудың белгілері Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінде пенденің ғұмырын жақсы өткізгеніне дәлел боларлық айқын белгілер көрсетілген. Бұ дүниемен қоштасқан адамнан сол белгілердің біреуі байқалса – оның нығметке бөленгені. Алла тағаладан сондай игілік, қайырлы өмір нәсіп етуін сұраймыз.
Ислам мәдениетінде кітап оқудың орны
Ғаламдық мәдениеттің бір бөлігін кітап құрайды. Кітап оқу - білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адам ақыл-парасат, таным, білім, елмен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мәдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады.
Жан тапсырар сәтте дұға оқудың мәні қандай?
Жан тапсырғалы жатқан адамға «лә иләһә илләллаһты» айтқызу керектігі, соңғы сөз «Лә иләһә иләллаһ» болса, жұмаққа кіретіні айтылады.
Ақыретке сенудің мәні неде?
«Ақырет күніне сену – Исламда иманның бір шарты, сенімнің бір бөлшегі болып табылады. Ақыретке иман келтірмеген адам нағыз мүмін бола алмайды. Құранда мүміннің ерекшеліктері туралы айтылғанда «(Олар) намаз оқитын, зекет беретін және ақыретке толығымен сенетіндер» (Бақара сүресі, 4-аят; Нәмл сүресі, 3-аят) делінеді.