Иісі мұсылманға мәлім Жаратушы Иеміздің көркем есімдерінің бірі – Хаким. Толық хикмет иесі Алла екені талассыз, дегенмен ел ішінде терең түсінікке ие болған қарапайым адамды да хәкім деп жатамыз. Мұсылмандар пәлсапа ғылымын «Хикмет ілімі» деп атаған. Құранның «Лұқман» сүресінде Лұқпан хәкімнің даналық сөздері келтірілген. Сонымен хикмет деген не, хәкім деп кімді айтамыз?
Ислам тарихы
Науқас адам жан тапсырарда не істеуі керек?
Науқас адамның көңілін сұрауға барып, ол үшін тәубе, кешірім тілеу керек, қасында жақсы нәрселер айту керек, кәлима шахадат оқылуы тиіс. «Сендер бір науқастың немесе өліктің қасында болған кезде жақсы нәрсе айтыңдар. Ақиқатында періштелер сендердің ол жерде айтқандарыңа әмин дейді» (Мүслим, Жәнаиз 3; Әбу Дәуіт, Жәнаиз 19).
Жұмақта әйелдер бала босана ма?
Хақ Тағала әйелді ер адамның өмірлік жолдасы ретінде екеуі бірге бақытты болсын деп жаратқан. Әйелдің бұл дүниедегі міндеттерінің бірі – дүниеге бала әкелу, ана атану. Алғашқы әйел хазірет Хауа ана да – ана. Әйелдің тоғыз ай, он күн қиындықпен дүниеге әкелген баласы – адамның көз қуанышы, көңілінің жұбанышы.
Ережеп айының қасиеті қандай?
Исламға дейін жаһилият дәуірінің кезінде ережеп айы арабтар үшін қасиетті ай болып есептелетін еді. Осы ай кірген кезде араб тайпалары өзара соғыс пен жанжалдарын тоқтатып, ешкімге тимеуге тырысатын. Сондықтан бұл айда араб қауымы өздерін қауіпсіз сезінетін. Сол үшін «рәжәб» яғни «ұлықталған» ай деп аталды.
Құрманың пайдасы туралы Құранда айтылған сүрелер
Құрма – қасиетті Құранда аталған жемістердің бірі. Хазірет Мәриям Исаға (а.с.) толғатып қатты қиналғанда, Алла тағала мейірім білдіріп, оған құрма жеуді әмір еткен. Бұл жайлы «Мәриям» сүресінде:
Барлық істі «бисмилламен» бастаудың маңызы
Бисмилла − әр мұсылман үшін қасиетті сөздің бірі. Ол «Алланың атымен» деген мағынаны білдіреді. Күнделікті кез келген игі істі «бисмилламен» бастау мұсылмандардың қанына сіңісті жақсы әдет.
Амал дәптердің қалай толтырылатыны өзіңе байланысты
Ес білгелі дәптердің түр-түрін көріп келеміз. Әсіресе, мектеп табалдырығын аттап, қолға алғаш қалам алғалы бері қанша дәптерді тауысқанымыз есте жоқ. Тіпті университет жылдарында да қолымыздан дәптеріміз түспейді. Әскерге я дәрігерге барсақ та бізге дереу жеке дәптер арнағанына куә боламыз.
Ашығу емі деген не? Ол қандай ауруларға ем?
Ашығу емі деген не? Ол – белгілі бір мерзім аралығында ішіп-жеуден бас тарту арқылы емделу тәсілі. Аштықпен емдеу «Арылту-диеталық терапиясы» (разгрузочно-диетическая терапия – РДТ) ретінде медицина ғылымының емдеу-сауықтыру орталықтарында қолданысқа еніп кеткелі қашан.
Қай уақытта көрілген түс анағұрлым шынайы?
Түстің дұрыс шығуында оның қай уақытта көрілгені маңызды.
Қара зере майы қандай ауруларға ем?
Ғалым Ибн Қайым Жаузия өзінің «Пайғамбар медицинасы» атты кітабында қара зеремен 50 шақты ауруды емдеуге болатындығын көрсеткен. Кейінгі зерттеулер бойынша да оның мынандай ауруларға ем екендігі белгілі:
Пайғамбар ұрпағы: сәйид және шариф
«Сейид» атауы ардақты Мұхаммед пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) тегінен тарайтындарға айтылады. Сөздік ұғымы «мырза, жол көрсетуші, ие, артықшылыққа ие, жомарт» деген секілді мағыналарды білдіреді.