29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Ашура күнінің артықшылығы неде?

Мұхаррам айында келетін Ашура күні – мұсылман тарихындағы айтулы күндердің бірі. «Ашура» сөзі «оныншы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, мұхаррам айының оныншы жұлдызы. Биыл Ашура күні 19 тамызға сәйкес келіп тұр.

Мұхаррам айының артықшылықтары

Мұхаррам айы – Рамазан айынан кейінгі тұратын ең құрметті ай болып есептеледі. Бұл ай һижри жыл санау айының басы. Дінімізде бұл ай соғыс харам қылынған айлардан болып есептеледі. Ашура күні болса Мұхаррам айының 10-шы күні болып табылады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл айда ораза тұтуға ишарат еткен:

Азанның шығу тарихы мен шарттары

Меккеде жүргенде, мұсылмандар ғибадаттарын жария түрде орындай алмай, намаздарын жасырын түрде, ешкімге көрінбей ғана оқитын еді. Осыған байланысты ол кезде халыққа жар салып, ашықтан-ашық намазға шақыру ойға да кіріп шықпайтын нәрсе еді. Ал, Һижреттен кейін, яғни, мұсылмандар Мәдинаға көшкеннен кейін жағдай күрт өзгерді. Бұдан былай халықта діни бостандық бар еді. Мұсылмандар еш қысылмастан ғибадат-құлшылықтарын жасай алатын болды. Бұрынғыдай кәпірлердің зорлық-зомбылықтарынан құтылып, жандары жай таба бастаған еді.

Әр адамның жыны бола ма?

Шайтан адамның барлық ісіне қатысады. Тіпті, ер мен әйел бір-бірінің алдындағы міндеттерін өтемес бұрын, Алладан пана сұрамаса оған да қатыса алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «Шайтан сендердің барлық істерің қатысады. Ол тіпті сендер тамақ жегенде де кетпейді. Тамақтың кішкентай түйірін түсіріп алсаңдар, ол оны көтереді. Сондықтан, сендер оны тазалап, жеп қойыңдар да, шайтанға қалдырмаңдар. Жеп болғаннан кейін қолдарыңды жалаңдар. Ешкім берекенің тамақтың қай түйірінде екендігін білмейді» (Муслим).

Ислам бойынша діннің неше түрі бар?

Ислам – Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген соңғы иләһи дін. Ислам өзінен алдыңғы иләһи шариғаттардың бәрін толықтырушы әрі кәміл дін болғандықтан, Алла исламнан өзге дінді қабыл етпейді: «Күмәнсіз Алланың құзырындағы дін – Ислам»(3. «Әли Имран» сүресі, 19-аят).

Көз тию деген бар ма, одан қалай сақтанамыз?

Көз тию деген бар нәрсе. Бұл туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):  «Көз тию – ақиқат. Егер тағдырмен жарысқа түсе алатын бір нәрсе бар болса, онда ол нәрсе көз тию болар еді (тағдырды өзгертер еді)», – деген.

Әтір және соған ұқсас сұйық заттардың үкімі

Әбу Ханифа бойынша, Құранда айтылған «хамр» сөзі жүзімнен жасалған шарапқа қатысты атау. Ал қалған мас қылатын (мускир) нәрселер болса осыған (қияс) салыстырыла отырып харам деп қабылдаған.