29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Ислам дінінің мәртебесін көтерген еврейді танисыз ба?

Пайғамбарымыз (с.а.у.) заманында ақиқатты ақылымен ұққан кейбір яһудилердің Ислам дінін қабылдағанын білеміз. Ал кейінгі еврейлер мұсылмандармен бітіспес жауға айналды. Десек те, олардың арасында біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мұхаммед Асад секілді Ислам дінін қабылдап қана қоймай, оның мәртебесін әлемде биікке көтерген еврей-мұсылмандар да аз емес.

Отырар қаласы Ислам дініне қалай өтті?

Ислам әлемінің ұлы ғұламаларының бірі, батыс пен шығысты қатар мойындатқан Әбу Насыр әл-Фараби қазақ топырағында, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген. Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан Отырардың ол кездегі аты Фараб болатын. Бұл шаһар қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында.

«Хандық дәрежесіне көтерілген тұңғыш қазақ әйелі»

Қазақтың Абай, Шоқан, Шәкәрім сынды алып тұлғаларының есімдері аталғанда аналары, әжелері қатар айтылып жатады. Өйткені, олардың адам болып қалыптасу жолында осы нәзік жандылардың рөлі ерекше. Абайды Зере әже тәрбиелесе, Шоқан бойына бар жақсылықты Айғаным ханым сіңірген деседі.

Ыбырай Алтынсарин: «Жаназама 100 адам қатыссын»

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылдың 17 шілдесінде 48 жасында дүниеден өтті. Ол туралы «Оренбургский листок» газетінен «Дала уәлаятының газетіне» көшіріп басқан қазанамада Ы.Алтынсариннің ұзаққа созылған өкпе ауруынан қайтыс болғаны айтылған. Ауырған кезінде ешкіммен сөйлеспеген күйі үнсіз жатыпты.

Кенесары ханның діни білімі болды ма?

Кенесары ханның зауаты болғанын оның ел ішіне енгіздірген шариғат заңдарынан да білуге болады. Хан өзге мұсылман елдеріндегідей мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын алып отырған екен.

Хазіреті Біләлдан кейін Қағбаның үстіне шыққан екінші адам

Қасиетті сапарын жалғастырған Шәміл алдымен Жиддаға келеді. Ары қарай үш күн жүріп, арман мекен Меккеге жетеді.

Арыстанбаб – «Пайғамбар сахабасы» деген сөз рас па?

Арыстанбаб жайында халық ішіне тағы бір кең тараған аңыз – оның Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) сахабасы екендігі. Бұл туралы ясауитанушы ғалым Жақып Алтаев: «Халық арасында таралған бір аңызда Арыстанбаб Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болумен қатар, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздың аманатын тапсырушы деп есептеледі.

Құран оқудың денсаулыққа пайдасы

Таңертең аш қарынға бәсең дауыспен Құран оқу дене және рухтың саулығы жағынан өте пайдалы. Оқу кезінде бастағы жүйкенің тітіркенуі болады. Бұл миға жақсы бір массаж есебінде. Мидағы тамырлардың айналасына одан да жақсы әсер етеді. Бәсең дауыспен және ыңғайлы бір ырғақпен Құран оқу жұтқыншақтағы дыбыстық пернелерді тәрбиелейді, күшейтеді, жұтқыншақ гимнастикасы есебінде болады. Күн сайын осылайша Құран оқуға үйренгендердің дауыстары қарттық кезеңде де бұзылмайды.

Құрандағы қанағаттың сыры

Он сегіз мың ғаламды Жаратқан Алла әрбір жаратылысының не қылып, не қойғанын һәм жан дүниесіндегі сезімдерді толық біледі. Яғни адамзат баласына не керектінің барлығы қасиетті Құранда бар.

Сахабалардың әдемілік пен дүниелік нәрселерге қызықпауы

Мұсылман әскері Нуғман ибн Муқарриннің қолбасшылығымын Исфаханға жорыққа шыққанда, мұсылман қолы мен Исфахан арасын бір ғана өзен бөліп тұрған болатын. Мұсылмандар ол жаққа елші етіп Муғира ибн Шуғбаны жіберді. Осы оқиғаның ары қарай қалай өрбігенін Осман ән-Нәхдидің аузынан естиік:

Құранды хатым еткен адамға Жәннатта бір ағаш беріледі

«Хатым» сөзін араб тілінен аударсақ – «бітіру», «аяқтау» деген мағынаны береді. Ал фиқһтағы мағынасы «бір кісінің Құран Кәрімді бастан-аяқ оқып шығуы» деген сөз. Құранды алғашқы бетінен ақырына дейін тапжылмай оқып шығу оңай дүние емес. Олүлкен жауапкершілікті талап етеді. Сәйкесінше, сауабы да мол. Бақилық болған адамға жасайтын сауапты ісіміздің бірі – Құран хатым ету. Марқұмның соңынан оқылатын хатым – игі іс болып саналады.