Мұсылман баласы, «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар», - деген Алла Тағаланың аяттарын көңіліне медеу тұтады.
Ислам тарихы
Құранның бұрынғы кітаптардан басты ерекшелігі
Құран адамзаттың сан ғасырлар бойы санасы дамып, кемелдік деңгейге жеткен сәтте түскен. Ол осыдан он бес ғасыр бұрын түссе де, қазір де, қияметке дейін де адамзаттың барлық мәселелерін шешуге жетіп артылады.
Адамдардың махшарға жиналу сипаты
Адамдар махшарға жалаңаш, жалаңаяқ, сүндеттелмеген күйде жиналады.
Құранның барлық заман мен санаға ұстаздық етуі
Адамзатқа келген ақырғы дін – Ислам әлемдік дін болған соң әлбетте оның кітабы да әлемдік болуы ләзім. Құран өзінен бұрынғы кітап пен парақтар секілді арнайы бір елге яки ұлтқа түскен кітап емес. Оның түскен ортасы Араб түбегі ал тілі арабша болғанмен тек қана арабтарға арналған кітап емес.
Мәуліт бидғат емес – ғибадат
Мәуліт – бүкіл әлем ынтыға күткен Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүние есігін ашқан күні. Мәуліт – елмен бірге етене атсалысып, көпшілікпен аталып өтілетін мұсылмандар үшін елеулі ерекше мереке күн.
Ихсан – көркем мінез бен әдептілік негізі
Ислам – көркем мінез бен әдептілікке негізделген дін. Әдептілік адамды көрікті етеді. Ихсан ілімі көркем мінез бен адамға тән күллі әдептілікті қалыптастырады. Хазреті Мәуләна: «Ақылым жүрегімнен: «Иман деген не?» деп сұрады. Жүрегім ақылымның құлағына иіліп: «Иман дегеніміз – әдеп» деп жауап берді» дейді.
«Бисмиллә» сөзінің тәпсірі
«Бисмиллә» – сөзі бір істі Алла Тағаланың көркем есім-сипаттарын зікір ете отырып бастауды білдіреді. Араб тіліндегі «إسم» сөзі «سمو» сөзінен шығып, жоғары және мәртебелі деген сынды мағыналарды береді. Бұл сөздің көпше түрі «أسماء» (есімдер) деген сөз. Яғни, «بسم الله الرحمن الرحيم» сөзіндегі «بسم الله» (Алланың есімімен) деп бірлік түрінде келсе, Құран аяттары мен хадис шәрифтерде негізінен көпше түрдегі «أسماء» сөзі көп қолданылады.
Құран – күллі заманға тосын жауап
«Әсбабун-нузул» яғни, Құран аят, сүрелерінің түсу себептеріне қатысты ғылым саласы аяттың қандай мәселеге байланысты түскенін зерттейді.
Сөз өнері тұрғысынан Құранның мұғжизалығы
Сөйлемнің сөз бен мағына жағынан сәйкестігі: Құранның барлық сүрелерінің арасында планеталардың өзара тартылысы тәрізді бір-бірімен тығыз байланысы бар. Сонымен қатар аяттардың да өзара іліктестігі, тіпті, әрбір аяттың әріптерінің де ара-қатынастары дәл сондай. Осы тақырыптағы айтылатын мәселе әрбір аят-сөйлемнің сөз бен мағына жағынан сәйкестігі.
Ислам – бейбіт өмір мен тәртіп сақтауға шақыратын дін
Ислам – қоғам ішінде бейбіт өмір мен тәртіп сақтауға шақыратын дін. Бұл әрбір адамның Алланың алдындағы, өзгелердің алдындағы мұсылмандық міндеттерін толық орындауына мүмкіндік береді.
«Дәреттің парызы» туралы аяттың тәпсірі
Алла Тағала: «Уа, мүміндер! Намазға тұрар алдында беттеріңді жуыңдар, қолдарыңды шынтаққа дейін (яғни, шынтақты қоса) жуыңдар, бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды тобыққа дейін (яғни, тобықты қоса) жуыңдар» («Мәйда» сүресі, 6-аят) деген.