«Араларыңнан ешкім артына қайырылып қараушы болмасын» («Һуд», 81).
Тәмамдалған қарым-қатынастармен бейне-бір қабір іспетті мәміле жаса. Қабірлер кері қазылмайды. Артыңда қалған адамды артыңда қалдыр. Өткеніңнің тұтқыны болма! Қайтып келуі үшін сені арбауға ашық есік қалдырма…
Пайдасы жоқ майдандар сені сырқатқа ұшыратады. Сол үшін олардан теріс айнал. Сенің қадіріңді кетірген достықты ұстама, одан ажырауды үйрен. Сенің құштарлығыңды өлтіретін орындарда отырма, одан кетуді үйрен.
Есіңде болсын, сенің жетуің керек бағытың бар. Жан-жағына алаңдап бұрылатын адам мақсатына бүгін-ертең жетпейді...
материал Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,
ummet.kz