29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Түнде ілім үйрету мен уағыз айту мәселесі

Түнде ілім үйрету мен уағыз айту мәселесі

Ислам тарихы

Үмму Сәлама (р.а.) айтты:

«Бір күні түнде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ұйқыдан оянып,былай деп айтты: «Субханалла, бұл түні қанша бүліктер нәзіл болып, қанша рахмет қазынасының есіктері ашылды екен.

Бөлмелерде ұйықтап жатқандарды (құлшылыққа) оятыңыз, бұл дүниеде киімді болғанымен ахиретте жалаңаш болуы мүмкін!»,- деді.

* Бұл жерде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйелдері айтылып тұр. Абдулла ибн Омар (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірінде соңғы рет бізбен бірге құфтан намазын оқыды. Екі жағына (иығына) сәлем бергеннен кейін, орнынан тұрып: «Бұл түнді білесіңдер  ме? Осы түннен бастап тұп-тура жүз жыл өткенде, жер жүзінде (қазір осы жерде отырған) адамдардың бірде- бірі қалмайды»,- деді.

Ибн Аббас (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйелі-апайым Мәймунаның үйінде қондым. Пайғамбарымыздың да (с.ғ.с.) сол үйде болатын түні екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізбен бірге құфтанды оқып болған соң, үйіне кіріп, төрт рәкат намаз оқыды да, кейін ұйықтады.

Кейіннен тұрып: «Бала ұйықтап қалды ма?»,- деді немесе соған ұқсас бір сөзді айтты (Ибн Аббасты айтып тұр). Кейін намаз оқуға тұрды, мен сол жағына келіп тұрып едім, мені оң жағына қарай өткізіп қойды. Әуелі бес рәкат, кейін екі рәкат намаз оқыды. Одан кейін жатып біраз ұйықтады,тіпті мен оның қорылдағанын естідім. Кейін тұрып намазға шығып кетті»,- деді.

 

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: