Құран оқудың ішкі әдептері:
Адам Құран оқығанда қандай сезімде болуы керек? Құран оқығанда қандай әдептерді сақтауымыз керек?
1. Ұлықтау сезімнің болуы Біріншіден, адам не оқиын деп жатқанын саналы түрде ойланып, Құранның жай кітап емес екенін, ол күллі әлемді жоқтан бар етіп жаратқан Алланың сөзі екенін сезінетін ұлықтау сезімі болуы керек.
2. Барлық көңілді Құранға аудару. Дүниені ойдан шығарып, Алла туралы көбірек ойлап, аяттарға ой жүгірту.
3. Құранды түсінуге тырысу. Құранды оқып қана қоймай түсінуге де тырысу керек. Ол үшін тәпсірлерді, ғалымдардың берген түсіндірмелерін көбірек оқып, танысу керек. Аяттың мағынасын білген сайын Құраннан алатын әсер де ерекше болады.
Құран оқудың сыртқы әдептері:
1. Дәретпен оқу. Зікірдің ұлысы - Құран. Оны дәретсіз ұстауға болмайды. Дәретсіз оқуға рұқсат етіледі. Алайда, дәретпен оқу әдебі саналады.
2. Әуретті жабу.
3. Мисуак қолдану.
4. Намазда оқу. Ең абзал оқылған Құран - қиямда оқылған Құран. Яғни, намазда көбірек Құран оқу. Жаттаған сүрелеріңізді намаздарға қосып отыру.
5. Отырып оқу. Жантайып, сүйеніп, жатып оқу Құранға деген әдепсіздік болады. Барынша ұстаздың, сыйлы кісінің алдында отырғанда сезініп әдепті отырыспен отыру керек.
6. Құбылаға қарап оқу.
7. Көзге жас алу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Құран оқыңдар және жылаңдар. Жылай алмасаңдар жылауға тырысыңдар" дейді. Құран оқығанда адам жүрегімен қайғырып, аяттарға ой жүгірту керек. Алланың бұйрықтарын оқып "мен осы парыздарды қаншалықты орындап жүрмін", "күнәлардан тыйылып жатырмын ба?" деп уайымдауы керек.
материал «Ихия-улумид-дин» кітабынан алынды,
ummet.kz