Алла Тағала пайғамбарлар мен әулиелерді әлемге рахмететіп дүниеге жіберген. Сол үшін халыққа жалықпастан насихат етеді.
Бұл насихаттарға құлақ аспай, қабылдамағандар үшін «Уа, Раббым! Сен оларды ая, рахмет есігін оларға жаппа!» - деп жалбарынады.
Сен есіңді жинап, әулиелердің үгіттерін жан-жүрегіңмен тыңда! Сөйтіп қайғыдан, қорқыныштан құтылып, рухани рахатқа қауышып, қауіпсіздікке жет! Мүмкіндіктен айырылмай, күмәнданбай, бұл фәни дүниенің алдамшылығынан құтылған, өзін толықтай Хақ Тағалаға тәсілім еткен кәміл адамдардың етегінен ұста. Сонда ғана ақырзаманның, мына бұзылған дүниенің азғындығынан құтыласың!
Әулиелердің сөздері нәрлі, тұнық, мөп-мөлдір бұлақ іспеттес. Мүмкіндік қолда тұрғанда одан қанып іш, сөйтіп көңіліңде рухани бәйшешектер, гүлдер ашылсын.
Мырзам, әдеп адамның тәніндегі рух сияқты екенін біл. Негізінде әдеп – Алла достарының көзі мен көңілінің нұры. Егер шайтанның басын алғың келсе, көзіңді ашып қара, шайтанның бас кесері – әдеп.
Көзіңді ашып, бастан-аяқ Аллаһтың сөзі болған Құран Кәрімге қара! Құранның барлық аяттары әдепті үйретеді. Сен барыңды, жоғыңды, малыңды, мүлкіңді беріп тұрып көңіл аула. Сөйтіп сол көңіл мазарда, қап-қараңғы түнде, саған жарық нұр берсін.
Хақ досы болған адаммен бір сәт бірге болу – бір өмірге бедел. Одан түскен бір қыл – құнды бір байлыққа бедел. Бірақ, Хақ достарына кереғар мінезді, қатты жүректі адамдармен бірге болу – сөйлесу былай тұрсын, оларды көрмеу және олардан аулақ болу дүниедегі байлыққа бедел.
Өз көңіліме айттым: «Алда болуға әуестенбе, сыпайылықтың дауасы бол. Ашытатын тікен болма. Ешкімнің саған жамандығы тимесің десең, жаман ауызды болма. Жамандықты үйретуші болма. Жамандықты ойлаушы болма. Әрқандай жағдайда салих амал істеуші бол...
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz