29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Мединаға баратын жолда Пайғамбар (с.ғ.с.) тоқтап намаз оқыған жерлер

Мединаға баратын жолда Пайғамбар (с.ғ.с.) тоқтап намаз оқыған жерлер

Ислам тарихы

Мұса ибн ҒҒуқба (р.а.) риуаят етті:

«Сәлім ибн Абдулланың Мединаға баратын жолдың кейбір жерлерінде әдейі тоқтап, намаз оқып жатқанын көрдім. Оның айтуынша, атасы Абдулла ибн Омар да сол жерлерде намаз оқыған екен, ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сол жерлерде намаз оқығанын көрген екен»,- деді.

Мұса ибн ҒҒуқба риуаят етті: «Нафиғ айтты: «Ибн Омар (р.а.) сол жерлерде намаз оқитын еді»,- деді. Мен Сәлімнен: «Осы дұрыс па?»,- деп сұрадым. Ол Нафиғтың «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сол жерлердің бірінде намаз оқыған»,- деген пікірге қосылды. Бірақ Нафиғ пен Сәлім Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Рауха төбесінде намаз оқығандығы турасында анық бір сөзге келе алмады.

Нафиғ (р.а.) айтты: «Маған Абдулла былай деген еді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ғұмра немесе үлкен қажылық қылғалы жолға шықса, Зүлхулайфа деген жердегі Самра терегінің түбінде (көлеңкесінде) демалуға тоқтайтын. Кейіннен бұл жерге мешіт салынды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үлкен немесе ғұмра қажылықтан қайтқан кезінде (сол жолмен жүрсе) Уадидің шығыс жағындағы Батха деген жерде тоқтайтын еді. Кейін таң атқанша сол жерде болып, демалатын еді. Үлкен қой тас жанындағы мешітте де, үстіне мешіт салынған төбешікте де тоқтамайтын еді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таңдаған жері Уадидің шұңқыр жерінде еді. Абдулла бұл жерде намаз оқуды әдет қылған. Ілгеріректе Пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) Абдулла намаз оқыған жерде намаз оқыған екен, кейіннен сол
жерді сәл алып, көміп жіберген екен.

Абдулла ибн Омар айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Рауха төбесіндегі үлкен мешіт орнында емес, бәлкім кіші мешіт орнында намаз оқыған шығар»,- деді. Кейін маған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намаз оқыған жерлерін түсіндіріп жатып: «Иеменнен Меккеге апаратын жолдың бойындағы мешітте намаз оқып тұрғанында оң жағында болады, мешіт пен сол жер бір тас атымнан көп емес, не соған жақындау келеді»,- деп те айтты. Ибн Омар Раухадан шыға берістегі Ғирқ деген жерге қарап намаз оқитын еді. Мединеге кетіп бара жатқанында Ғирқ пен Рауха төбелігі аралығында мешіт бар. Абдулла осы мешітте намаз оқымайтын еді.
Мешітті сол жағымен артқарақ қалдырып, Ғирққа қарап намаз оқитын еді.

Абдулла осы жерде намаз оқу үшін Раухадан бесін намазын оқымай қайтатын еді. Егер Меккеден келе жатқан болса, ол сол жерге таң атудан бірер сағат бұрын қалса, таң намазын оқу үшін әдейілеп тоқтайтын еді. Абдулла былай деді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жолдың оң жағындағы Рувайса деген қыстақтың жанындағы үлкен теректің түбіне келіп тоқтайтын еді. Кең және тегіс жердегі бұл терек төбелікке жақынырақ, Рувайсадан екі шақырым (мил) шамасында болатын. Төбелік үсті тегіс болып, сәл қисығырақ төмендеу болса, көптеп құм үйінділері бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Арж ауылының артындағы құм төбешігінің шетінде намаз оқитын еді. Хайдаба деген төбешік жағына кетіп бара жатқанындағы мешіт жанында екі немесе үштей қабір бар. Қабірлердің үстіне үлкен үлкен тастар қойылған. Абдулла күн көтерілгеннен кейін жолдың оң жағындағы саламазар (Саламазар - ағаш түрі) аралап, Арждан жолға шығатын еді. Бесін намазын сол мешітке барып оқитын еді.

Абдулла былай деді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Харша тауының етегіндегі аласалау жолдың сол жағындағы теректер түбіне келіп тоқтар еді. Харша тауының бір жағы түгелдей аласа еді. Ол менен жол ортасындағы қашықтық садақ оғы жететін жердей еді.». Абдулла жолдың шетіне жақынырақ ең ұзын теректің түбінде намаз оқитын еді.
Абдулла былай деді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Медина жақтан келе жатқанында, Марризахран деген жерге жақынырақ орналасқан бір аласа жерде дем алатын. Ал, Меккеден келе жатса, жолдың сол жағында орналасқан Сафрават деген жер арқылы және сол пәстликке тоқтап түсетін еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) келіп түсетін жерлері мен жол ортасындағы қашықтық тас лақтырса жететіндей жер еді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Зұтуван деген жерде таң атқанша қалатын еді. Меккеден келе жатқанында болса, ол жерде таң намазының уақытына шейін қалып, таң намазын оқып кететін еді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: