Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді:
«Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда Алла Тағалаға жағымды әрі қайырлы. Бірақ екеуінде де жақсылық бар. Өзіңе пайдалы іске ұмтыл. Алла Тағаладан жәрдем сұра, әлсіздік танытпа. Егер бір іске тап болсаң «егер мен былай етсем былай және былай болар еді» деуші болма, керісінше Алла Тағала тағдырыма осылай жазған екен, Алланың қалауы болды деп айт» (Муслим, 2664).
Күшті мұсылман – жүрегінде яқин нұры жарқыраған, Раббысына толық сенген адам. Алла Тағала былай дейді: «Озаттар алдыңғы қатарда болады. Олар – Аллаға жақын болғандар» («Уақиға, 10-12).
Олар Аллаға қарай жарыса кетті. Олардың жүрегі Алладан басқа нәрселерден аулақ болды. Бұл дүние Алланы еске алуға, Раббысымен бірге болуға кедергі бола алмады. Озаттар Аллаға қарай жарыса жөнелді, себебі оларда жарысуға кедергі болатын нәрселер болмады (жүректері дүниеге байланбады).
материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,
ummet.kz