Өмірін бос өткізіп, өлімге жақындаған кісі босқа өткізіп алған уақыттарының орнын толтыруды қаласа, осы зікірлер топтамасын көп айтсын.
Бұл зікірлерді айтқан кісі аз уақытта көп сауапқа ие болады:
«Алла – пәк, барлық мақтау Аллаға тән. Жаратылыстың санындай, Өзі разы болатындай, Аршының салмағындай, сөздерінің санындай Аллаға мақтау айтамын» (Муслим, 2726).
Сол секілді кімде-кім көп нәпіл ораза ұстай алмаса, көп нәпіл намаз оқуға мүмкіндігі болмаса, Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуға уақыт арнасын. Себебі сен бүкіл өміріңді құлшылықпен өткізсең де, Алланың бір ғана салауаты сенің өмір бойы жасаған амалдарыңнан, құлшылықтарыңнан ауыр басады. Өйткені сен өзіңнің шамаңа қарай салауат айтасың. Алла Тағала раббылық дәрежесіне сай салауат айтады (раббылық дәрежесіне сай сауап береді). Бұл – бір ғана салауатқа берілетін сауап, ал Алла сенің әрбір айтқан салауатыңа 10 салауат айтса ше?! Бұл жайлы сахих хадисте келген.
Аллаға құлшылық етіп, Алланы еске алумен немесе Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтумен өткен өмір – нағыз берекелі өмір!
Әдетте жануарлар Алланы еске алмай, бейқам жүрген кезінде қолға түседі екен. Қандай да бір ағаш Алланы зікір етпей, қамсыз болған сәтінде кесіледі делінеді. Себебі ұры үй иелері ояу кезде ұрлыққа түспейді, ол үйдегілер ұйықтағанда немесе бейқам жүргенде ғана тонайды.
материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,
ummet.kz