29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Аллаға апаратын кісілер қайда?

Аллаға апаратын кісілер қайда?

Ислам тарихы

Қари іздесең, көптеген қари бар. Дәрігер іздесең, дәрігерлер де жетіп артылады. Фақиһ іздесең де, өте көп фақиһ кісі табасың. Ал бірақ сені Аллаға жеткізетін, нәпсінің айыптарын көрсетіп, жүрегіңді тазартатын кісі табу – өте қиын, өйткені олар өте аз. Егер сондай жанды кезіктірсең, оған қос қолдап жармас.

Егер саған Алланың жәрдемі келсін десең, өзіңді толықтай төмен ұста. Алла Тағала былай дейді: «Әрине Алла сендерге Бәдірде жәрдем берді. Ол кезде сендер тым төмен едіңдер» («Әли Имран» сүресі, 123-аят).

Егер саған ілім, нығмет, хикмет берілуін қаласаң, толықтай мұқтаж бол. «Шын мәнінде садақалар (зекеттер) кедейлерге, түгі жоқ міскіндерге беріледі» («Тәубе» сүресі, 60-аят).

Сен өзеннің дәл ортасында тұрып, суға жарымай отырсың. Алла сенімен бірге бола тұра, Алламен байланыс іздейсің. Пенде ақыретке тек ішіп-жеумен жетем деп ойлай ма? Немесе бұл нәрсе сендерді ақыретке жеткізе ме?! Алайда нәпсің сен үшін қандай арзан еді! Егер де нәпсің сен үшін қымбат болғанда, сен өзіңді тозаққа жетелейтін нәрселерді жасамас едің. Ал мал-дүние іздеу, оны жинау сен үшін қандай құнды нәрсе десеңші!

Таңғаларлық нәрсе: сен жағдайыңды жұлдыз жорамалдап сұрайсың. Алланың кітабы мен Пайғамбардың  (с.ғ.с) сүннетінен сұрамайсың!

Егер сен құлшылық қылуда әлсіздік танытсаң, бұл құлшылықтың жыртықты жамауымен, көз жасыңмен жама. Егер біреу: «Сені жылатқан не нәрсе?» – деп сұраса, «Құл амандыққа қол жеткізді, бірақ сол амандықпен Аллаға қарсы келуге жұмсады» – деп айт (Пенде ауруға шалдыққан еді, Алла оған шипа берген соң, ол денсаулығын Аллаға қарсы келуге жұмсайды).

Егер таңнан кешке дейін дүниенің соңына түссең, түсінде де солармен араласып жатасың. Ал сен керісінше, дәретпен тәубемен ұйықта, сонда оның нұрларымен жүрегің ашылады. Алайда күні бойы бос нәрселермен әуре болған адам түн жарымда Аллаға құлшылық ету үшін ояна алмайды.

 

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: