Ей, қарттыққа жеткен жан! Өміріңнің біразы босқа өтті, енді сол өткен жылдардың орнын толтырып ал, жоғалтып алған нәрселеріңнің қазасын өтеуге асық. Өйткені сен қарттық киімін кидің, сақал-шашың ағарды, ал ағарған шаш енді кір көтермейді. Бұл жаста күнәға орын жоқ.
Жүрек – айна секілді, нәпсі – дем. Сен әр шығарған деміңмен айнаны қарайтасың, кірлетесің.
Жүрегі бүлінген адамның мысалы – сәнденуден қалған, айнасына қарауға құлқы жоқ қарт әжейдің айнасы секілді. Ал Алланы шынайы таныған жанның жүрегі – жаңа түскен келіннің айнасы сияқты: ол әр күні айнаға қарайды, айна да әрдайым жарқырап, тап-таза болып тұрады.
Дүниені тәрк еткен адамның бар уайымы – көп ізгі амал жасау. Ал Алланы таныған кісі ең әуелі өзінің ішкі күйін, жүрегінің тазалығын түзетуді ойлайды (ол әрдайым, қандай амал жасаса да, ең бастысы онда шынайы ықылас болды ма, амалдарымды Алла разылығы үшін жасадым ба деп уайымдап, соған қатты көңіл бөледі).
материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,
ummet.kz