29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Аллаға жалбарыну – дүниедегі барлық нәрседен тәтті

Аллаға жалбарыну – дүниедегі барлық нәрседен тәтті

Ислам тарихы

Осы жасқа дейін өмір сүрдің, бірақ бұл дүниедегі ең тәтті нәрсенің дәмін татпай өмірден өтіп кетпексің.

Бұл дүниедегі ең тәтті нәрсе – Алла Тағалаға жалбарыну, Алланың сенімен тілдесуі. Ал сен болсаң, түнде өлік секілді жатасың. Егер түнде тұрып, құлшылық ете алмасаң, бұл үшін Алладан жәрдем тіле. «Ей, Алланың періштелері, ей, Раббымның Елшісі, дұға етудің ләззатын жоғалттым, құлшылықтағы шынайы ықыласымды таппай қалдым» деп жалбарын.

Егер пенде құлшылығына риза болып, өз-өзіне таңғалып, адамдарға тәкаппарлық танытып, кеудесін керсе, өз міндетін орындамай тұрып, басқалардан өз ақысын талап етсе, мұндай адамның ақыры жаман аяқталады деген қауіп бар. Алла сақтасын!

Егер пенде бір күнә жасап қойса, жасаған күнәсі үшін жүрегі сыздап, қайғырып, көз жасын көл қылады. Өзінің қателігін мойындайды, ізгілердің алдына барып, насихатын тыңдап, амал етеді. Ал бұл кісінің соңы жақсы аяқталады деген үміт бар.

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: