29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Алламен бірге басқарушы болма

Алламен бірге басқарушы болма

Ислам тарихы

Алламен бірге басқаруға талпынудан сақтан. Оның мысалы — қожайыны қалаға «киім тіктіріп кел» деп жұмсаған құл сияқты.

Бірақ құл барған бойда «Қайда тұрамын? Кімге үйленемін?» деп өзі үшін жоспар құрып әуре болады. Қожайыны оны шақырып алғанша тапсырылған істі орындамай, өз мәселесімен айналысады. Мұндай құл жазаға лайық, өйткені ол өзіне жүктелген міндетті емес, өз қалауымен әуре болды. Оның жазасы — қожайынының назарынан, қамқорлығынан айырылу, онымен байланысты үзу.

Дәл сол сияқты, ей, мүмін пенде, Алла сені бұл өмірге Өзінің бұйрықтарын орындауың, қызмет етуің үшін жіберді және барлық нәрсені саған бойсұндырды. Егер сен осы өмірде Алланың ақысын өтеудің орнына өзіңнің ісіңмен әуре болсаң — тура жолдан ауытқып, опатқа бастайтын жолға түскенің.

Алламен бірге басқаруды қалаған адам мен Алланың басқаруына толық бойсұнған адамның мысалы — патшаның екі құлы сияқты:

— бірі қожайынының қызметімен айналысады, өзін, киімін, жейтін асын шамадан тыс ойламайды. Бар уайымы — қожайынына қалтқысыз қызмет ету. Бұл уайымы — қожайынына қарсы тұруға итермелемейді.

— Екіншісі қожайыны шақырған кезде өзін сәндеп, киімін жуып, атын баптап, киімін сәндеумен әуре болып жүрген болады. Патшаға жақын болатын — бірінші құл. Өйткені құл қожайын үшін сатылып алынады, өз еркі үшін емес. Алланы таныған ақылды пенде де дәл солай: өзіне көңіл бөлгеннен гөрі, Алланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан тыйылып, Аллаға бойсұнып, Оның ақысын өтеуге ден қояды. Аллаға шынайы тәуекел етіп жүрген мұндай құлдың барлық ісін Хақ Тағала Өзі реттейді, оған мол сый береді, нығметіне бөлейді. Алла Тағала былай дейді: «Кім Аллаға тәуекел етсе — Алла оған жеткілікті» (Талақ сүресі, 3-аят).

Ал ғапыл пенденің мал-дүние жинап, нәпсі ләззаттарын қандыратын істермен әуре болып жүргенін көресің...

 

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: