29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

Ислам тарихы

Айт күні үйіңізге қонақтар келетін болса, қонақтармен жағаластырмай, кір жуу ісін кейінге қалдырғаныңыз абзал немесе ондай істерді айтқа дейін атқарып алған жақсырақ.

Ал, қонақ келмейтін болса, кір жуа беруге болады, оның ешқандай күнәсі жоқ. Оның үстіне, бүгінде әр үйде арнайы кір жуғыш мәшинесі бары анық, сондықтан да, қазіргі таңда айт күндері кір жуғыш машинаға кірді салып қою ешқандай әбестік тудырмасы сөзсіз.

Айт күндері кір жумасын деген ырымның мәні не? Мұндай ырымның астарында "үй шаруаларын айттап келуші қонақтармен жағаластырмасын" деген мән жатыр, өйткені айт, ол - мейрам.

Мұсылман қазақ халқы айт мейрамына бір күн бұрын дайындалады. Дайындықтарын арапа күні атқарып, айт күні айттап келуші қонақтарды күтеді. Ал біршеті, қонақтар келіп жатса, біршеті отанасы, келіні кір жуып жатса, бұл келішу қонақтарға ыңғайсыздық тудыратыны сөзсіз. Сол себепті, атам қазақ "айт күні кір жумасын, үй сыпырмасын" деген қағиданы ырым қылған.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды, 

ummet.kz

Бөлісу: