Расулулла (с.ғ.с) одан тыйды да:
«Ей адамдар! Талапта әдемі болыңдар, өйткені құлға жазылғанынан басқа нәрсе жетпейді» деді.
Құнығудан да тыйып: «Адамдардың қолындағыдан үміт үз – сонда ең бай боласың» деді.
Даналардың бірінен: «Құныққандық деген не?» – деп сұрады. «Барға күмәндану» -деп жауап берді. «Ал жоғалтатының не?» – деді. «Арманың» – деді.
«Ал табатының не?» – деді. «Жоқшылық» – деді.
Тағы айтылды: «Құмарлық патшаны қорлайды, ал үмітсіздік кедейді ардақтайды».
материал «Дүния» кітабынан алынды,
ummet.kz