29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Қалған өміріңді тиімді пайдалан

Қалған өміріңді тиімді пайдалан

Ислам тарихы

Біліп қой: егер өміріңнің алғашқы бөлігі босқа өтіп кетсе, өміріңнің соңғы бөлігін ғәнибет біліп, барынша тиімді пайдалануға тырыс.

Он баласының тоғызынан айырылып қалған ана жалғыз баласын мәпелеп, оған бар мейірімін төкпей ме?! Сол секілді сен өміріңнің көп бөлігін босқа өткізіп алсаң, ыдыстың түбінде қалған су сияқты аз ғана өміріңді қадірлеп, тиімді пайдалан.

Аллаға серт, сенің өміріңнің алғашқы сәті – жарық дүние есігін ашқан күнің емес, сенің алғаш Алланы таныған күнің. Бақыттылар мен бақытсыздардың арасы жер мен көктей: бақытқа жететін кісілер күнә жасап жатқан кісіні көрсе, разы еместігін жүзімен білдіреді, оған іштей дұға етеді.

Бақытсыздар өз ашуын басу үшін адамды жұрт алдында сөгіп, айыбын ашып, абыройын төгеді (оған бірталай жаны ашығансып, адамдардың алдында күнәдан тыйылуға шақырады).

Мүмін кісі бауырымен оңаша қалған кезде жылы насихат айтады, көпшілік алдында айыбын жасырады. Ал бақытсыздар керісінше: адамның күнә жасағанын көрсе, жол көрсетпейді, ескікті тарс жауып, насихат айтпайды, жұрт алдында айыбын ашады. Олардың жүрегінде нұр жоқ, олар – Алланың мейірімінен ұзақ болған кісілер.

 

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: