30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Министр Нұр-Мүбәрак университетінің ұжымымен кездесті

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Ислам мәдениеті университетінің ұжымымен кездесті.

Қостанай: Рудный мешітіне жаңадан имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Сабыржан Зейнелғабиденұлы Есмурзин Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

СҚО: Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен 24 жасқа дейінгі шәкірттер арасында  «Құран – мәңгі мұғжиза» атты облыстық Құран жарысы өтті.

Атырау мешіттерінде ұстаздардың көшпелі дәрісі жалғасуда

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен қала, аудан, ауыл мешіттерінде апта сайын имам, ұстаздардың көшпелі дәрісі өтуде.

Алматы: Қар тазалаушыларға ыстық ас таратылды

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен мешіт қызметкерлері шаһар көшелерін қардан тазалаушыларға ыстық тамақ үлестірді.

Бас мүфти халықаралық конференцияға қатысты (фото+видео)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясына барған сапарында Жидда қаласында қажылық және ұмра қызметтеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты.

«Тегін такси» қайырымдылық акциясы басталды (фото)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы негізінде жылдағы үрдіс бойынша Қарағанды облысына қарасты мешіттерде «Тегін такси» қайырымдылық акциясы жарияланды.

Наурызбай қажы Тағанұлы халықаралық қажылық көрмесін аралады (фото+видео)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігіне барған сапарында Жидда қаласында басталған қажылық және ұмра қызметтеріне арналған халықаралық көрмені арнайы аралап көрді.

Бас мүфти дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысымен сұхбаттасты (фото+видео)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясына жасаған сапарында Мекке қаласында Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы шейх, доктор Мұхаммед ибн Абдулкарим әл-Иссамен кездесті.

Қарағанды: Байтуған ауылында жаңа мешіт ашылды

Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданының Байтуған ауылында жаңа мешіт бой көтерді. Құлшылық үйінің ашылу салтанатына облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы, дін қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.