30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Түркістан: Имамдардың біліктілігін арттыру семинары өтті

ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігі және Сарыағаш аудандық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің, сондай-ақ аудандық орталық мешітінің бірлесе ұйымдастырумен имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.

Бас имамдар жылдық есеп беруде (фото)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өтіп жатқан Төралқа мәжілісінде облыс бас имамдары 2022 жылдың қорытынды есебін баяндауда.

ҚМДБ Төрағасы Куба елшісімен кездесті (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласында Куба Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Оскар Сантана Леонды өз өтініші бойынша қабылдады.

Ұстаз Арман Қуанышбаев – Ақтөбе өңірінде

Ақтөбе өңіріне облыс бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен «Ислам –  ынтымақ пен бірлік діні жылы» аясында Темір аудандық дін істерінің қолдауымен РАНТ мүшесі, Түркістан облысы Кентау қаласындағы«Балаби қари» Құран жаттау ортылығының директоры, ұстаз Арман Қуанышбаев арнайы іс-сапармен келді.

Конкурс жеңімпазы Ұмра қажылығына жолдама алды

Дін – насихат. Асыл дініміз насихат етумен тарайды. Алматы қаласы өкілдігінің бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымдары «Munara» газеті мен «Иман» журналы арқылы дініміздің құндылықтарын бұхара халыққа насихаттау мақсатында конкурс ұйымдастырған болатын. 

Бас мүфти Португалия елшісімен кездесті (фото)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Португалия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мария де Фатима Велез де Андраде Мендешті өз өтініші бойынша қабылдады.

Қалалық мешітке жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Сайлау Жұмағұлұлы Мусин Қарағанды қалалық «әл-Мәшани» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Алматы: Студенттердің оқу ақысы төленді

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының қатысуымен "Нұр-Мүбарак" университетінде оқитын 8 студенттің оқу ақысы төленді.

ҚМДБ Төрағасы Рабат қаласында орналасқан ICESCO ұйымында қонақ болды (фото)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы штаб пәтері Марокко астанасы Рабат қаласында орналасқан ICESCO ұйымында арнайы қонақ болды. Бас мүфтиді Исламдық білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ICESCO) бас директорының орынбасары Абделилах Бенарафа қарсы алды.