30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

ҚМДБ Төрағасы Рабаттағы имамдар дайындау институтының жұмысымен танысты (фото)

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация Марокко астанасы Рабат қаласындағы имамдардың біліктілігін арттыруға арналған институттың жұмысымен танысып, кешенді аралады.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Марокко Корольдігіндегі жұмыс сапары барысында Сыртқы Істер министрі Насыр Буританың өтініші бойынша кездесу өтті.

Бас мүфти Қазақстанның Марокко корольдігіндегі елшісімен кездесті (фото)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Марокко Корольдігіне жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының осы елдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Сәулекүл Сайлауқызымен кездесті.

Мүфтияттың Түркиядағы өкілі ғылым докторы атанды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркиядағы өкілі және «Талаба» студенттер қауымдастығының осы елдегі жетекшісі Жандос Айтбай Анкара университетінің Гуманитарлық ғылымдар институтынан «Тәпсір» мамандығы бойынша доктор дәрежесін алды.

Бас мүфти бастаған делегация Марокконың Жоғары ғылым кеңесінің жұмысымен танысты (фото)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Мароккодағы жұмыс сапарының кестесіне сай осы елдегі Жоғары ғылым кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Ясифпен кездесіп, орталықтың жұмысымен танысты.

Наурызбай қажы Тағанұлы Марокко Корольдігінің Уақыптар және Ислам істері жөніндегі министрімен кездесті (фото)

Бүгін Марокко астанасы Рабат қаласында аталған елдің Уақыптар және Ислам Істері жөніндегі министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасында Ислам ынтымақтастығы туралы меморандум жасалды.

ҚМДБ Төрағасы Король V Мұхаммед қабірін зиярат етті (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Марокко Корольдігіндегі сапары барысында Рабат қаласындағы осы елдің 1957-1961 жылдары Королі болған V Мұхаммед пен оның ұлы ІІ Хассанның қабірін зиярат етіп, Құран аяттарын бағыштады.

Бас мүфти Мароккодағы Әл-Қарауин университетінің ректорымен кездесті (фото)

Марокко Корольдігіне жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алғашқы кездесуін Фес қаласынан бастады. Мұнда Діни басқарма Төрағасы әлемдегі ең көне университеттің ректоры доктор Амал Жәләл мырзамен кездесті. Оқу ордасының басшысы ҚМДБ делегациясын жылы қабылдап, ілтипат көрсетті.

Наиб мүфти имамдармен және шәкірттермен жүздесті

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Алматы облысының Қарасай ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды.