ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі Жандос Айтбай Қазақстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиевпен кездесті.
Жаңалықтар
Шымкент: Үздік ұстаздарға ұмраға жолдама берілді
ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Шымкент қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен қаладағы Жастар ресурстық орталығында дін мен дәстүр сабақтастығы һәм әйел ұстаздарға арналған рухани шара өтті.
Ақтауда қыздар медресесі бой көтермек
Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің жанынан қыздар медресесі бой көтермек. Осыған орай мешіт жамағаты, қажылар мен ел ағалары мешітте бас қосып, жаңа медресе іргетасының қалану сәтіне куә болды.
Мешіт имамы оқушыларға «амандасу әдебі» тақырыбында дәріс өтті (фото)
Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев №91 мектеп-гимназиясының оқушылармен кездесу өткізіп, «Амандасу әдебі» тақырыбында дәріс өтті.
Аламатыда «Әлмерек» мешіті жамағатқа қайта есігін ашты
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы мен бірқатар аудан имамдары және дін қызметкерлері қасиетті жұма күнінде күрделі жөндеу жұмысы аяқталған «Әлмерек» мешітінің қайта ашылуына қатысты.
ҚМДБ Төрағасы өрт сөндіруші Асқар Серікұлының отбасына көңіл айтты (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болған Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Серікұлының қазасына байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтты.
Жамбыл облысында жаңа мешіт ашылды
Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Қызылқыстақ ауылында «әл-Кәрим» мешіті ашылды.
«Жаназа рәсіміндегі бірізділік тәртібі» семинары өтті (фото)
Астана қаласындағы «Ақмешіт» мешітінде елорда имамдарына арналған «Жаназа рәсіміндегі бірізділік тәртібі» семинары өтті.
Ақмола облысының кәсіпорындары тексерілді (фото)
QMDB HALAL сертификатына сәйкес өнім өндіретін Ақмола облысындағы кәсіпорындарға кезекті ревизорлық бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілді. Аудит жұмыстарын «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы, Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит, технолог маман Нұрбек Қабыкен және жергілікті бақылаушы-инспектор Науан Мұталов жүргізді.
Бас мүфти облыс имамдарына насихат айтты (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Республикалық бас мешітте Солтүстік Қазақстан облысының имамдарымен кездесіп, насихат айтты.
Наиб мүфти Ислам институтында болды (фото)
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфтиКенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында білімін жетілдіріп жатқан имамдармен кездесіп, «Имамдық әдебі» тақырыбында дәріс оқыды.