30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

ҚМДБ Төрағасы Маңғыстауда 8 үйдің кілтін табыстады (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына жасаған сапарында 8 отбасыға баспана кілтін табыстады. 5 пәтер көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға сыйға берілсе, нәтижелі жұмыс істеп жүрген 3 дін қызметкеріне қызметтік пәтер берілді.

Бас мүфти ақсақалдар форумында баяндама жасады (фото)

Ақтау қаласында өтіп жатқан «ҚАРИЯЛЫҚ – ДАНАЛЫҚ ПЕН ӨМІР ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ» атты Қазақстанның батыс өңірі ақсақалдары форумында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады.

Маңғыстау облыстық кітапханасында имандылық бұрышы ашылды (фото)

Бүгін Қабиболла Сыдиықов атындағыМаңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында рухани-танымдық, имандылық бұрышы ашылды.

Ақтау қаласында «Ержан хазірет» мешіті ашылды (фото)

Бүгін қасиетті жұма күні Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында «Ержан хазірет» мешітінің ашылуы рәсімі өтті. Игі шараға Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

Ақтауда ақсақалдар форумы басталды (фото)

Бүгін Ақтау қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «ҚАРИЯЛЫҚ – ДАНАЛЫҚ ПЕН ӨМІР ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ» тақырыбындағы Қазақстанның батыс өңірі ақсақалдары форумы басталды.

Бас мүфти қажылық тақырыбында жұма уағызын айтты (фото)

Ақтау қаласына жұмыс сапарымен келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қаладағы жаңадан ашылған «Ержан хазірет» мешітінде жұма уағызын айтты.

Алматыда «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» форумы өтті (фото)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» атты форум өтті. 

Жетісу имамдары діни экспедиция ұйымдастырды

Жетісу облысының имамдары ҚМДБ-ның «Дархан дала» жобасы аясында өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлының бастамасымен киелі Түркістан облысындағы қасиетті мекендерге арнайы діни экспедиция ұйымдастырды.

ҚМДБ Төрағасы әл-Азһар мешітінде болды (фото)

Бүгінгі жұмыс кестесіне орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Каирдегі әл-Азһар мешітіне зиярат жасады. Кейін осы мешітте орналасқан Пәтуа беру орталығының жұмысымен танысты.

Әзірет Сұлтан кешенін зиярат ету әдебі туралы құжат қабылданды (фото)

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің XXXIV мәжілісінде «Әзірет Сұлтан тарихи кешеніне зиярат жасаудың діни әдебі» құжаты қабылданды.